• Вс. Апр 20th, 2025
Популярные метки

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН КЕНТАУЛЫҚ СПОРТШЫЛАР ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

Автор:admin

Июл 16, 2024
Spread the love

Астана қаласында кіші жасөспірімдер арасында «CHEMPIONDAR LIGALARI» республикалық қазақ күресінен жарыс өтті, деп хабарлайды Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.
Аталған жарысқа СҚО, Түркістан облысы, Қостанай, Астана, Алматы, Қызылорда, Қарағанды, Өскемен қалаларынан келген 200-ден аса спортшы қатысты.
Республикалық жарыста Кентау спорт клубының жас спортшылары 42 келі салмақ дәрежесінде күрескен Шоқан Уалихан және 46 келі салмақ дәрежесінде Мейірбек Нұрғиса намысты қолдан жібермей қола медаль иегері болды.
Қазақстанның дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатының маңызды бағыттарының бірі – бұқаралық спортты дамыту. Халық арасында бұқаралық спортты насихаттау салауатты ұлтты қалыптастырудың кілті болып табылады. Спорт жастардың спорттық іс-әрекеттерінің жалпы жүйесінде маңызды рөл атқарады және бұқаралық спорт пен салауатты өмір салтын енгізудің пайдалы және көрнекі жарнамасы бола отырып, күшті үгіт-насихат қызметін атқарады.
«Ұлт денсаулығын бекемдеу мәселесі де өте өзекті. Барлық жас санаттары арасында бұқаралық спорт түрлерін насихаттай беру керек. Балалар үшін спорттық инфрақұрылымның барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету керек. Бұқаралық спортты дамыту – пирамидаға айналуы тиіс. Оның басына чемпиондар шықса, оның негізінде біз сау әрі саналы ұрпақты, мықты ұлтты қалыптастырамыз. Бұл бағыты заңнамалық тұрғыда жалғастырып, бұқаралық спортты дамытуда кешенді бағдарлама қабылдау керек», — деді Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында.
Жалпы алғанда, бұқаралық спорттың әлі тиісті деңгейде дамымауының негізгі себебі спорттық инфрақұрылымның жетіспеушілігі немесе тозуы, жоғары урбандалу деңгейі болып табылады, оның салдарынан ауылдағы жас тұрғындар саны азаяды, кәсіби кадрлардың жетіспеушілігі туындайды, бұл, өз кезегінде, халыққа көрсетілетін спорттық қызметтердің саны мен сапасына теріс әсер етеді. Бұқаралық спортты халық арасында танымал ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға қарамастан, халықтың көп бөлігі әртүрлі факторларға байланысты дене шынықтырумен және спортпен қамтылмаған күйінде қалып отыр.
Қазақстан азаматтары салауатты өмір салтын ұстанатын және бұқаралық спортпен белсенді айналысатын, халықаралық спорт аренасында беделі жоғары және допинг қолдануға нөлдік төзімділікпен қарқынды дамып келе жатқан спортта жетістіктерге жеткен мемлекет ретінде дамуда.
Дене шынықтыру мен спортты дамыту саясатын іске асыру барлық деңгейдегі дене шынықтыру мен спортқа халықтың қолжетімділігін қамтамасыз етуге және сапасын арттыруға, салауатты өмір салтын дамытуға, спорт резервін үздіксіз даярлауды қамтамасыз етуге және еңбек нарығының, сол сияқты болашақ экономиканың ағымдағы сұраныстарына жауап беретін ұлттық құрама командаларды даярлауға бағытталған.
Мемлекет басшысының жыл сайынғы жолдауында бұқаралық спортқа ерекше назар аударып, дене шынықтыруға басымдық беру керек екенін айтқан еді. Әр өңірде, облыс орталықтарында спорт секцияларын ашуды тапсырды. Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты жолдауында бұқаралық спортты дамытудың маңыздылығына тоқталған болатын. Осы орайда «Дене шынықтыру және спортты дамыту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы әзірленді. Осыдан кейін жалпыұлттық жоспар шеңберінде дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары бекітілді.
Ұлт денсаулығын бекемдеу мәселесі де өте өзекті. Барлық жас санаты арасында бұқаралық спорт түрлерін насихаттай беру керек. Балалар үшін спорттық инфрақұрылымның барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету керек. Бұқаралық спортты дамыту – пирамидаға айналуы қажет. Оның басына чемпиондар шықса, оның негізінде біз сау әрі саналы ұрпақты, мықты ұлтты қалыптастырамыз,– деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап балабақшалардағы, мектептер мен колледждердегі дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне қосымша ақы белгіленді. Осылайша, мектептерде спорт секцияларын ұйымдастырғаны және өткізгені үшін дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне негізгі лауазымдық жалақысының 100 пайызы мөлшерінде қосымша ақы белгіленген. Жаттықтырушы-мұғалімдердің жалақысы да екі еселенеді. Сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мәдениет және спорт саласындағы мамандандырылған мектептер мен колледждер қызметкерлерінің жалақысы 2023 жылға дейін жыл сайын 25 пайызға өсті.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика