Шымкент қаласының Білім басқармасына қарасты №1 Талант мектебінде Республикалық пікір-сайыс ойындары өтуде.
Турнирге жалпы саны 8 аймақтан 13 жоғары оқу орындары және 10 мектеп 50-ден астам спикер бақ сынауда.
Атап айтқанда:
1) Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы — Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялық және инженерлік университеті;
2)Алматы қаласы — Нархоз университеті, Алматы техникалық университеті, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті;
3)Ақмола облысы, Көкшетау қаласы Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті ;
4)Жамбыл облысы — М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті;
5)Қостанай облысы — А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университеті;
6) Түркістан облысы — А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті;
7)Шымкент қаласы — М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Ө. Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті, Орталық Азия инновациялық университеті, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы бойынша «Баршаға қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасының әзірленуі. Оның басты мақсаты – білім сапасын арттыру. Аталған ұлттық баяндаманы Шымкент қаласында жүзеге асырудың Жол картасы дайындалды. Негізгі көрсеткіштері мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына енгізілді. Жаңа оқу жылынан бастап «Нысаналы мектептер» жобасы бастау алады. Білім сапасында олқылығы бар 40 нысаналы мектепке әдістемелік сүйемелдеу жасалып, педаготерінің кәсіби дамуына жағдай жасалады.
Сонымен қатар, отырыста педагогтердің құзыреттерін арттыру, білім беру бағдарламалары мен оқыту әдістемелерін кеңейту, ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және жас ғалымдарға зерттеулер жүргізу бағытында қолдау көрсету жөнінде ұсыныстар айтылды
Конференция барысында білім берудегі цифрлық инновациялар, жасанды интеллект технологиялары, білім беру жүйесін дамытудың бірыңғай ұстанымдарын қалыптастыру мәселелері талқыланды. Инновациялық жобалар мен цифрлық платформалардың арнайы көрмесі ұйымдастырылды.
Айта кетейік, 21 тамызда Астана қаласында өтетін Саммитке ҚР Оқу-ағарту министрлігінің өңірлер бойынша бөлінісіне сәйкес Шымкенттен 38 делегация мүшесі қатысатын болады.