Бүгін «AMANAT» партиясы жанындағы «Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау» мәселері жөніндегі республикалық кеңес жетекшісінің орынбасары, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты А.Мысырәлімованың төрағалығымен кеңейтілген бейнеконференциялық кеңес отырысы өтті.
Кеңес отырысына «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы Атқарушы хатшысының орынбасары Б.Тулегенов және филиал жанындағы «Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау» мәселелері жөніндегі аймақтық кеңестің төрайымы Б.Жандосова, Шымкент қаласы білім басқармасы, тұрғын үй, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармаларының басшылары қатысты.
Кеңестің күн тәртібінде «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» Сайлауалды бағдарламасын іске асыру барысында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және жетім балаларға арналған баспана бөлу мәселесі қаралды.
Аймақтық кеңес мүшелері тарапынан бірнеше ұсыныстар айтылып, алдағы уақытта жұмыстар атқарылатыны жеткізілді.
Елімізде білім мен денсаулық сақтау, халықтың әлеуметтік мәселелері, әйел құқығы мен балалардың қауіпсіздігі — басты назарда.
Қазірдің өзінде қолданыстағы заңнамада, неке және отбасы туралы заңда ата-аналар қандай да бір қылмыстық құқық бұзушылық жасаған жағдайда ата-ана құқығынан айырылатын нормалар бар. Алайда, ол нормалар жаппай ата-ана құқығынан айыруға әкелмегені белгілі. Тарихымызда ондай жағдай болған жоқ. Сондықтан Мемлекет басшысы заңға қол қойып, күшіне енген жағдайда құжат жаппай ата-ана құқығынан айыруға әкеледі дегенге сенудің ешқандай негізі жоқ. Бұл менің жеке пікірім. Бұл қате және теріс түсіну. Заңда мұндай нормалар жоқ. Сол себепті осы заң ата-аналарды ата-ана құқығынан айыруға арналмағанын нақты әрі анық түсіндіріп, жеткізуіміз керек. Ол әйелдерді қорғау және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жұмыс істейтін болады.