• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

РАМАЗАНҒА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Автор:admin

Мар 20, 2023
Spread the love

Шымкент орталық мешітінде қасиетті Рамазан айына байланысты мешіт имамдарының кеңейтілген мәжілісі өтті.
Мәжіліске Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы, найб имамдар Мұсабек Ақтамберді, Мұхамеджан Естеміров, қала имамының кеңесшісі Бекайдар қажы Төлжанұлы, қалалық «Халал Даму» ЖШС-ның бақылаушы өкілі әрі найб имамы Қазыбек Сарыбаев, қалалық «Зекет және қайырымдылық» қоры мен жастар ісі секторының жетекшісі, Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау және Тұран аудан имамдарының имамдары қатысты.
Кеңейтілген мәжілісте Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы қасиетті Рамазан айында ҚМДБ-ның тарапынан бекітілген жұмыс жоспары жүзеге асырып, жан-жақты жетілдіру туралы арнайы тапсыралар берді. Атап айтқанда, «Рамазан қоржыны», «Рамазанда бір тал ек», «Рамазанда мешітке кітап сыйла», «Рамазан тәттісі» сынды қайырымдылық бағыттағын жұмыстар мен қатар оқу-ағарту, насихат жұмыстары айтылды.
Сондай-ақ, ҚМДБ бекіткен бес бағытқа жауапты мамандар өздерінің салалары бойынша арнайы баяндама жасап, жұмыс жоспарымен таныстырды. Қасиетті айда «Халал Даму» тарапынан сертификатталған өнімдерді насихаттау, түсіндіру және қажылық һәм «Дархан дала» отандық туризмді дамыту мәселелері де тапсырылды.
Басқосу барысында қалалық «Зекет және қайырымдылық» қорының аудандық өкілдеріне сенім кәуілігі табысталды.
Зе­кет­тің бел­гі­лі бір адам­ға па­рыз бо­луы үшін тө­мен­де­гі шар­ттар­дың орын­да­луы тиіс.
1. Мұ­сыл­ман бо­луы:
Бас­қа ғи­ба­дат­тар сияқ­ты зе­кет ғи­ба­да­тын­да да бе­ру­ші адам­ның ақыл-есі дұ­рыс, ба­ли­ғат жа­сы­на жет­кен, азат мұ­сыл­ман бо­луы шарт. Мұ­сыл­ман мем­ле­ке­тін­де өмір сү­ре­тін бас­қа дін­ді ұстану­шы­лар­ға жә­не ба­ли­ғат жа­сы­на жет­пе­ген ба­ла­лар мен ақыл-есі дұ­рыс емес­тер­ге зе­кет бе­ру па­рыз емес.
Ха­на­фи мәз­һа­бы­нан тыс бас­қа мәз­һаб­тар­да ба­ли­ғат жа­сы­на жет­пе­ген ба­ла­лар мен ақыл-есі дұ­рыс емес­тер­ге де зе­кет бе­ру па­рыз. Олар­дың мал­да­ры­ның зе­ке­тін уа­лийле­рі бе­ре­ді.
2. Ни­сап кө­ле­мі­не же­те­тін не­ме­се одан да көп байлық­қа ие бо­лу:
Зе­кет­тің па­рыз бо­луы үшін күн­де­лік­ті тір­ші­лік­те қол­да­ны­ла­тын не­гіз­гі қа­жет­тер мен қа­рыз­дар­дан тыс, ни­сап кө­ле­мі­не же­те­тін бай­лық­қа ие бо­луы ке­рек. Ни­сап де­ге­ні­міз – зе­кет­ті па­рыз ете­тін бел­гі­лі бай­лық мөл­ше­рі.
3. Зе­ке­ті бе­рі­ле­тін байлықтың өсім­ді­лі­гі:
Зе­ке­ті бе­рі­ле­тін байлықтың өсім­ді бо­луы олар­ды күн­де­лік­ті өмір­де қа­же­ті­міз­ге қол­да­ну мақ­са­ты­мен емес, иесі­не кі­ріс кір­гі­зу мақ­са­ты­мен қолға ұс­та­луы. Мы­сал­ға, сауда зат­та­ры­ның сауда жа­сау ар­қы­лы, мал-жа­нуар­лар­дың төл­деу ар­қы­лы, егіс, бау-бақ­ша­ның же­міс бе­ру ар­қы­лы иесі­не кі­ріс кір­гі­зуі сияқ­ты. Ал­тын, кү­міс, ақ­ша, әше­кей бұйым­дар­мен сауда жа­сап, кі­ріс кір­гі­зуі мақ­сат етіл­ме­се де, олар­дан зе­кет бе­ру па­рыз. Яғ­ни, олар­дың өсім­ді бо­луы шарт емес.
4. Зе­ке­ті бе­рі­ле­тін байлыққа бір жыл толуы:
Зе­ке­ті бе­рі­ле­тін байлыққа ай санауы­мен бір жыл то­луы ке­рек. Өйтке­ні, Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) ха­ди­сін­де: «Бір жыл тол­май байлыққа зе­кет бе­ріл­мейді»[2], – дейді.Бір жыл – зе­кеті бірілетін дүние, мал­да­рдың кө­бейіп, өсе­тін уақы­ты.
5. Қа­рыз бол­мауы:
Адам­дар­ға бол­ған қа­рыз­дың бар­лық тү­рі – зе­кет­тің па­рыз­ды­ғы­на бө­гет жа­сайды. Мы­сал­ға, бір адам не­гіз­гі қа­жет­те­рі­нен тыс 100 грамм ал­тын­ға ие бол­ды де­лік. Бі­рақ бұл адам­ның бас­қа бі­реуге 20 грамм кө­ле­мін­де қа­ры­зы бол­са, бұл адам­ға зе­кет па­рыз емес. Өйтке­ні, қа­рыз­дан тыс қал­ған мал­дың мөл­ше­рі ни­сап кө­ле­мі­не (85 гм ша­ма­сын­да­ғы ал­тын­ның құ­ны) жет­пейді.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика