Түркістан облысы Полиция департаментінің психолог мамандары мен облыстық дін істері басқармасының өкілдері Ордабасы ауданына іссапармен барды. Сала мамандары полиция бөлімінің жеке құрамына арнайы сабақ өтіп, әлеуметтік-психологиялық сауалнама алды.
Психолог мамандары отбасындағы дау-жанжалдар мен зорлық-зомбылықтан пайда болған стресстің алдын алу аспектілері туралы мәлімдеді.
Сонымен қатар полицейлердің отбасындағы қарым-қатынасқа қатысты ой-пікірлерін тыңдап, психологиялық тұрғыдан шешу жолдарын ұжым болып шешуді қарастырды.
Отбасы — адам баласының өсіп — өнер алтын ұясы. Адамның өміріндегі ең қуанышты, қызық дәурені осы отбасында өтеді. Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап, ата — ана өздерінің негізгі борыштарын — тәрбие жұмысын атқаруға кіріседі.
Отбасы мүшелерінің өзара дұрыс қарым – қатынасын, тіл табысып түсінуін, бірін – бірі тыңдап, ата – ананы, туған туыстарын, жасы үлкендерді сыйлап, құрмет тұтуға үйрету. Оқытудың, білім алудың, мәдени мінез – құлықтың әдет – дағдыларын қалыптастыру. Отбасындағы баланың икемділігі мен қабілетін байқап, кәсіптік жағынан бағдарлау. Баланың ақылына, күшіне біліміне сай берілген тапсырманы талапты орындауға дайын болуға үйрету.
Ата — ананың ең ардақты міндеті: бала бойына жақсы қасиеттерді сіңіре беру, күн сайын емес, сағат сайын бала оқуын, еңбегін, ойынын, жолдастарымен қарым — қатынасын үнемі шаршамай, ерінбей бақылап, жақсылыққа жол сілтеу. Бала біздің болашағымыз, өміріміздің жалғасы, сондықтан бала тәрбиесі — ата — анадан жауапкершілікті талап етеді.
Бала тәрбиесінің негізі — бұл оның отбасы. Осы шағын әлеуметтік топ — бала үшін өмір мектебі. Отбасындағы ата — ана — баланың өмірлік ұстазы және тәрбиешісі. Баланың болашағы, білімі, мәдениеті отбасындағы ата — ананың сіңірген еңбегіне, тәлім — тәрбиесіне байланысты. Сондықтан, әрбір ата — ана өзінің баласын білімді, мәдениетті, жан — жақты етіп тәрбиелеуге міндетті. Қазіргі кезде отбасы тәрбиесі мәселесі әлемдік деңгейде қарастырылуда.
Ал облыстық “Дін мәселелерін зерттеу орталығы” КММ теолог маманы шетелдік діни уағызшылардың қауіптілігі туралы және деструктивті діни ағымның таралуының алдын алу мен сақтану жолдарын түсіндірді.