• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ПРОФИЛАКТИКА

Автор:admin

Авг 9, 2023
Symbol of law and justice in the empty courtroom, law and justice concept.
Spread the love

«Полиция — жазалаушы орган емес, қорғаушы орган», осы қағиданы ұстанатын Түркістан облысының полицейлері үнемі жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық жұмыстарды жүргізеді, деп хабарлайды R-factor.kz ақпарат агенттігі.
Мәселен Түркістан облысы Полиция департаментінің Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері республикалық маңызы бар, көліктер көп жүретін аумақта жүргізушілермен тілдесіп, жол қозғалысы ережелерін мұқият ұстануға шақырды.
Жалпы облысымызда жол көлік оқиғалары көбіне жылдамдықты шамадан тыс асырудан болады. Оған маневр жасауды, қарсы бағытқа шығуды, үй жануарларының қатысуымен болатын жол апаттарын қосыңыз.
Осындай олқылықтардың алдын алуда полицейлер бұл жолы ескерту мен түсіндіру шарасын өткізді. Яғни әкімшілік хаттама толтырудан бұрын, профилактикаға мән берілді. Әрбір тоқтатқан көліктегі жүргізушілерге жол ережесін сақтау айтылып, жаднамалар таратылды.
Сондықтан, құрметті жүргізуші! Жол ережесін сақтаңыз, сізді үйіңізде жанұяңыз күтіп отыр.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика