Жыл сайынғы статистикалық мәліметтерге сәйкес Түркістан облысы прокуратура органдарындарымен мәні бойынша шешілген жолданымдар саны өсуде.
Дегенмен төмен прокуратураларға жіберілген бастапқы өтініштердің саны да артып келеді.
Осыған сәйкес Қазақстан Республикасының 2022 жылғы 5 қарашадағы «Прокуратура туралы» Конституциялық Заңының 24-бабының 1-бөлігіне сәйкес Түркістан облысының прокуратурасы түсіндіреді, прокуратура органдары жолданымдарды мына жағдайларда қарайды:
1) егер олар физиологиялық ерекшеліктеріне, психикалық ауытқуларына және өзге де мән-жайларға байланысты өз құқықтарын қорғауды өз бетінше жүзеге асыра алмаса, адамның және азаматтың, кәмелетке толмаған адамдардың, сондай-ақ адамдардың шектелмеген тобының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру үшін;
2) адамның және азаматтың, қоғамның немесе мемлекеттің құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру үшін, егер бұл мүдделерді қорғауды құзыретіне тиісті өкілеттіктер жатқызылған уәкілетті орган тиісті түрде қамтамасыз етпесе не мұндай орган болмаған жағдайларда;
3) мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, мекемелер, олардың лауазымды адамдары, меншік нысандарына қарамастан өзге де ұйымдар тарапынан жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне араласу фактілері бойынша олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру үшін.
Прокуратура органдарына жүгіну жолдары:
Прокуратура органдарының интернет-ресурстарында басшылар мен олардың орынбасарлары, оның ішінде ведомстволық электрондық пошта мекенжайлары туралы мәліметтер орналастырылған.
Бұл ретте, электрондық пошта жолданымдарды қабылдауға арналмаған, өйткені онда құжаттарға электрондық-цифрлық қолтаңбамен қол қою, сондай-ақ ЭЦҚ-ның түпнұсқалығын тексеру көзделмегенін түсіндіреміз.
Прокуратура органдарына
қолма-қол;
пошта арқылы;
«Е-otinish» ақпараттық жүйе арқылы;
«Egov» Үкіметтің электрондық порталы арқылы жүгінуге болады.