Аудан көлемінде ішкі істер органдарының есебінде тұратын, оның ішінде өтелмеген және алынбаған соттылығы бар тұлғалардың қайта қылмыс жасауының алдын алу мақсатында бекітілген кестеге сәйкес профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде.
Алдын алу іс-шарасы барысында, қоғамдық тәртіпті бұзуға бірнеше рет жол берілген, тәулік бойы және сағаттап жалға берілетін пәтерлер мен үйлерді сапалы аралау,бұрын сотты болған азаматтарды тексеру, әкімшілік құқық бұзушылықтар жасау және сотпен белгіленген міндеттерді орындамаған, шектеулерді бұзу жәйттары орын алған азаматтарды әкімшілік қадағалау жұмыстары жүргізіліп, белгіленген тұлғалардың өмір салты мен мінез-құлқын бақылау жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
«Есептегі элемент» алдын алу іс-шарасы барысында
— қоғамдық қауіп төндіретін, денсаулық сақтау органдарында диспансерлік есепте тұрған, мінез-құлқының әлеуметтік бағыттылығы бар психикалық науқас адамдарды тексеру;
— қоғамдық тәртіпті бұзуға бірнеше рет жол берілген, тәулік бойы және сағаттап жалға берілетін пәтерлер мен үйлерді сапалы аралау;
— бұрын сотты болған азаматтарды тексеру;
— әкімшілік құқық бұзушылықтар жасау және сотпен белгіленген міндеттерді орындамаған, шектеулерді бұзу дәйектері орын алған азаматтарды әкімшілік қадағалау жұмыстары жүргізіліп, белгіленген тұлғалардың өмір салты мен мінез-құлқын бақылау жұмыстары қамтамасыз етілуде.
Отбасы-тұрмыстық, рецидивтік, алкогольдік және қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жолын кесуге бағытталған профилактикалық шара әрі қарай өз жалғасын табуда.
Тексеріс жұмыстарының барысында, шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған азаматтар арасында анықталған құқықбұзушылықтар бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 492-бабы бойынша 2 тұлғаға және ҚР ӘҚБтК-нің 480-бабы бойынша 1-тұлғаға әкімшілік хаттама толтырылды.