Қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша Мақтаарал ауданы әкімдігі жанындағы консультациялық-кеңесші орган отырысы өтті.
Аудан әкімінің орынбасары Алтын Ешанқұлованың төрағалығымен өткен жиынға аудандық прокуратураның прокуроры Серік Усеев, ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысы Н. Елшібаев, аудандық пробация қызметі бөлімі бастығы, әділет майоры Н.Сабаев, «Мақтаарал аудандық мансап орталығының» маманы Қ.Ибрагимов және кенттер мен ауылдық округ әкімдері қатысты.
Отырыс барысында Мақтаарал аудандық Пробация қызметі бөлімінің 2024 жылдың І-тоқсанында атқарған жедел-қызметтік жұмысының қорытындысы туралы Н.Сабаев, «Мақтаарал аудандық мансап орталығы» филиалының 2024 жылдың І-тоқсанының қорытындысы бойынша пробация есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмыспен қамту бағытындағы мемлекеттік кепілдіктерді қамтамасыз ету туралы Қ.Ибрагимов және аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 14-қыркүйектегі «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Н.Елшібаев баяндама жасады…