• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫНДА — САЯСИ РЕФОРМАЛАР

Автор:admin

Мар 16, 2022
Spread the love

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫНДА — САЯСИ РЕФОРМАЛАР

Бүгінгі Жолдаудың мән-маңызы айрықша. Олай дейтінім, Мемлекет басшысы бүгін еліміздің саяси жүйесін кешенді жаңғырту бағдарламасын ұсынып, елімізде жаңа саяси реформалардың бастау алғанын жариялады.

Президент ұсынған реформалардың ауқымдылығы — Конституцияның 30-дан астам бабына өзгеріс енгізуді, тағы 20-дан астам заң қабылдауды қажет етеді.

Сондай-ақ, Президенттің билігін шектеуді, аралас мажоритарлық сайлауды енгізуді, мәслихаттардың ролін күшейтуді, саяси партияларды тіркеуді жеңілдетуді ұсынды. Суперпрезиденттік басқарудан парламенті мықты, президенттік республикаға өтуді айтты.

Президенттің жақын туыстарының саяси мемлекеттік қызмет және квазимемлекеттік сектор басшысы болуына тыйым салуды да айтып өтті.

Сонымен қатар, президент жанындағы ұлттық сенім қоғамдық кеңесінің орнына Ұлттық құрылтай құруды және оның құрамына аймақтық қоғамдық кеңес мүшелері, партия төрағалары, азаматтық қоғам өкілдерін тартуды тапсырды.

Азаматтардың өкілді билікке деген сенімін нығайту үшін мәслихаттардың рөлін арттырып, дербестігін қамтамасыз ету үшін Мәслихат төрағасы лауазымын енгізуді ұсынды. Сондай-ақ, мәслихаттардың ықпалын барынша күшейту үшін облыс әкімдерін тағайындау тәртібін өзгерту қажет деді.

Серкебаев Есенбек Салдарбекұлы

«Ұлт денсаулығы» қоғамдық кеңесінің төрағасы

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика