Полиция қоғамдық тәртіпті сақтап қана қоймай, спорттық іс-шараларға да белсенді қатысады. Мәселен Түркістан облысы Қазығұрт ауданының жеке құрамы спорттық ойындардан жарыс өткізді. Сайыста бақ сынасуға полициядан бөлек, ардагерлерден, өрт сөндірушілер мен әскерилерден де командалар болды. Олар сақшылармен бірдей асық ату, арқан тарту, қол күресі, гір тасын көтеру, тоғызқұмалақ, футбол сынды ойын түрлеріне қатысты.
Спорттық жарысқа қатысқан командалар бір-бірінен асып түсіп, жеңіске жету жолында барын салды. Нәтижесінде арқан тартыстан өрт сөндірушілер, футбол ойынында жергілікті полиция қызметі бөлімінің полицейлері командалары І орынды иемденсе, тоғызқұмалақ ойынында бас жүлдені аға сержант Елнұр Мырзахметов жеңіп алды.
Сондай-ақ асық атудан полиция лейтенанты Жалғас Ағабеков үздік атанса, қол күрестен аға лейтенант Азиз Ермекке 1-орын бұйырды. Жастармен бірге ардагерлер де жарысқа қатысып, жеңімпаз атанды. Мәселен гір тасын көтеруден ІІО-ның ардагері Перне Қайрат көп ұпай жинап, жігерімен көзге түсті. Жеңімпаздар «Алғыс хатпен» және бағалы сый-сияпаттармен марапатталды.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі