• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Полиция тұрмыстық қылмыстарды тергеу бойынша заңнамадағы өзгерістерді талқылады

Автор:admin

Июн 11, 2024
Spread the love

Түркістан облысының полиция департаментінде учаскелік полиция инспекторлары мен прокуратура өкілдерінің қатысуымен Қылмыстық кодекстің жаңа нормалары шеңберінде қылмыстарды тергеуге дайындықты қамтамасыз ету және отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті күшейту мәселелері бойынша кеңес өтті.
Іс-шараға Түркістан облысы ПД облыстық Анықтау басқармасы бастығының орынбасары Б.Дошманов, аға прокурорлар А. Айменова, Б. Сүйінбай және Е. Рүстембаев, Түркістан қаласы полиция басқармасының басшылығы мен жеке құрамы, сондай-ақ Түркістан облысы ПД қалалық және аудандық полиция бөлімдері бастықтарының орынбасарлары қатысты.
Кеңес барысында қатысушыларға «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», оның ішінде ҚР ҚК, ҚПК және ӘҚБтК түсіндірілді.
Айта кететін, Президент 2022 жылғы 16 наурыздағы және 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдатуды тапсырған болатын.
Енгізілген түзетулер қоғамда қызу талқыланды. Парламент палаталарының отырыстарына Ұлттық құрылтай мүшелері, үкіметтік емес ұйымдардың, Президент жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың өкілдері және балалар құқықтары жөніндегі уәкіл қатысты.
Кеңеске қатысушылар ҚР ҚК-нің 108-1 «Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру» және ҚР ҚК-нің 109-1 «ұрып-соғу» баптарында көзделген істерді тергеу кезіндегі қажетті дағдылармен танысты.
Сондай-ақ отбасылық-тұрмыстық саладағы қылмыстарды тіркеу, азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылуына жол бермеу мәселелері талқыланды. Іс-шараның соңы полиция мен прокуратура өкілдерінің осы бағыттағы жұмысты одан әрі жетілдіруі және жандандыруы бойынша пікір алмасумен жалғасты.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика