• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Полиция тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол бермеу мақсатында жиынға қатысты (-1-)

Автор:admin

Апр 27, 2024
Spread the love

Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты болдырмау мақсатында, Шардара балалар саз мектебі қызметкерлерімен семинар өтті. Оған Шардара аудандық полиция бөлімінің әйелдерді зорлық — зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция капитаны Г.Сабден қатысып, өзгеріс енгізіліп жатқан Заң аясында түсіндірме жүргізді. Яғни жиналғандарға әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына қол қойылғанын жеткізіп, қолданысқа енгізілетіні жөнінде хабардар етті.
Зорлық зомбылық жасауға бірнеше негізгі себептер бар. Ең қарапайымдары – ішімдікке, нашақорлыққа, құмар ойындарға тәуелділік зорлық-зомбылыққа итермелейді. Алайда, статистикаға сәйкес отбасылық жанжалдарға басқа да себептер әсер етіп жатады.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы еліміздің азаматтрының құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, құқықтық заңдылықтың сақталуын қадағалау, отбасы мүшелерінің заңды мүдделерінің сақталуына кепілдік беру, еліміздің кез келген мүшесінің дене зардабын және психикалық зардап шегуіне жол бермеу, отбасы құндылығын қолдау және сақтау, өмірлік қиын жағдайда жүрген әрбір адаммен жеке жұмыс жүргізу секілді әрекеттерге негізделеді. Ең алдымен зорлықшының құрбаны өзі жайлы ақпаратты ашық айтуы қажет. Өйткені тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін сол жандардың өтініштері немесе хабарламалары, құқық қорғау орындары қызметкерінің тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жасалу не оны жасауға әрекет ету дерегін тікелей анықтауына негіз болатын дәлелдер керек…

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика