Облыста 900 мыңнан астам кәмелетке толмағандар бар, ал олардың қауіпсіздігі басты орында. Бұл бағытта Полиция департаментінің қызметкерлері мен басқа да құзырлы мемлекеттік органдар бірлесіп, жоспарға сай жұмыс жасап келеді.
Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу мақсатында түнгі рейдтер мен «Түнгі қаладағы балалар» «Жасөспірім және жауапкершілік», «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шаралары өткізілуде.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде жыл басынан бері құқық бұзушылыққа бейім 449 кәмелетке толмаған мен бала тәрбиесіне немқұрайлы қарайтын 290 қолайсыз отбасы Ішкі істер органының есебіне алынды.
Тәртіп сақшыларымен түнгі уақытта ойын-сауық орындарында жүрген 224 кәмелетке толмаған, ал тұрғын үйден тыс жерде жүрген 4864 жасөспірім анықталды.
Сағат 22:00 ден кейін ойын-сауық орындарында кәмелетке толмағандардың заңды өкілінсіз болуына жол берген 120 мекеме иесі жауапкершілікке тартылды. Ал кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстар -3,8% төмендеді, деп хабарлайды Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.