Көрші мемлекеттерде орын алып жатқан келеңсіз оқиғалардың елімізде орын алуына тосқауыл қою мақсатында, полиция департаментінде террористік тұрғыдан осал обьектілердің терроризмге қарсы қорғалуы жөнінде жиналыс өтті.
Іс-шараға ҚР ҰҚКД өкілдері Сұлтан Джарасов пен Мадияр Жанабекұлы, Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері және Күзет қызметін бақылау бөлімінің жеке құрамы, террористік тұрғыдан осал объектілерді күзетуге жататын лицензиясы бар жеке күзет ұйымдарының басшылары, құрылтайшылары қатысты.
Күзет қызметін бақылау бөлімінің бастығы Есенәлі Сенбиевтің төрағалығымен өткен жиында, дағдарыс жағдайлары кезіндегі іс-әрекеттер мен жасалатын шаралар талқыланды. Тиісті сала мамандары баяндама жасады.
Профилактикалық және оқу-жаттығу іс-шараларын үздіксіз ұйымдастырып отыруға баса назар аударылды. Инженерлік-техникалық талаптарды сақтауды күшейту мен қорғану обьектілерінің қауіпсіздігі талапқа сай болуы ескертілді.
Жиынға қатысушылар айтылған ұтымды ұсыныстар мен бастаманы бірауыздан қолдап, одан әрі іске асыруға уағдаласты.
Түркістан облысы ПД-нің баспасөз қызметі