Түркістан облысы полиция департаменті Жетісай аудандық полиция бөлімінің психологы Дина Аубакирова Жетісай қаласындағы №1 М.Горький атындағы мектеп гимназиясында жаңадан ашылған полиция сыныбына барып, жас сақшыларға дәріс берді.
Сабақ барысында жоғары сынып оқушыларына құқық бұзушылық, буллинг, лудоманияның алдын алу жайлы ақпараттар айтты. Сондай-ақ жолда жүру ережелері мен кәмелет жасқа толмағандардың түнгі сағат 22:00-ден кейін көшеде жүруге болмайтындығы жайлы нақты түсіндіріп өтті.
Бүгінгі таңда технологиялардың дамуы біздің қалай өмір сүретінімізді, достасатынымызды, жаңа нәрселерді танып-біліп, өзімізді алаңдататын мәселелердің шешімін қалай іздейтінімізді түбегейлі өзгертіп, әдеттегі тұрмыс салтына айтарлықтай әсер етеді. Сонымен қатар, жаңа технологиялар бүгінде цифрлық зорлық-зомбылық деп аталатын жаңа қауіптерді де алып келеді.
Цифрлық зорлық-зомбылық бір адам басқа адамды айлаға жығуға, қорқытуға және басқаруға, гаджеттердің, қосымшалар мен әлеуметтік желілердің көмегімен оған зиян келтіруге әрекет жасағанда орын алады.
Цифрлық зорлық-зомбылықты әртүрлі жағдайларда – жұмыста, мектепте немесе университетте, отбасында кездестіруге болады. Мұндай зорлық-зомбылық бейтаныс адамдардан да, жақын адамдардан да туындай алады.
Сондай-ақ мектеп оқушылары айтылған тақырыптарды зер салып тыңдап, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Топ мүшелері қойылған сұрақтарға қанағаттанарлық жауап берді. Шара барысында тақырыптық бейнероликтер көрсетілді және оқушыларға арнайы дайындалған жаднамалар мен үнпарақшалар таратылды…