Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың қаулысымен күнтізбедегі мамыр айының бірқатар күндері мерекелік дата болып белгіленген. Олар «Қазақстан халықтарының бірлігі күні», «Отан қорғаушылар күні» және «Жеңіс күні» мейрамдары.
Бұл күндері халық алаңсыз демалып, қыдырып, серуендеп жүргенде халықтың мызғымас ұйқысы мен тыныштығын күзетіп жүрген полиция қызметкерлері күшейтілген тәртіппен қызметке түсіп, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде.
Қазіргі уақытта мерекеге байланысты Түркістан облысының аумағындағы орталық алаңдар, саябақтар мен ойын-сауық орындары қыдырып жүрген тұрғындарға лық толы.
Мұндай сәтте қандай да бір қылмыс немесе қайғылы жағдай орын алмас үшін, облыс полицейлері әр аумаққа бекітіліп, тәулік бойы қызмет атқаруда.
Барша азаматтардан мереке және демалыс күндері қоғамдық тәртіпті бұзбай, облыс аумағын таза ұстауға және тәртіпке шақырамыз!
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі