• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ПОЛИЦИЯ ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТАРЫНАН САҚ БОЛУҒА ШАҚЫРАДЫ

Автор:admin

Авг 15, 2024
Spread the love

Түркістан облысы Жетісай ауданының полиция қызметкерлері әрдайым интернет алаяқтардан абай болу керектігін ескертуде. Яғни заң түсіндірмелері жазылған үнпарақшаларды тұрғындарға таратып, қауіпсіздікті сақтау бойынша кеңестер беруде.
Полиция бөтен адамның мүлкін жымқыру, теріс жолмен алдау не болмаса заңсыз жеке бастың өзге де мүддесiне орай жымқыру, жою, бүлдiру көшіру бұл алаяқтық болып есептелетінін атап өтуде.
Жалпы қазіргі қоғамда алдау, сенімге қиянат жасау, біреудің ала жібін аттау, бөтен мүлікті ұрлау кең таралған қылмысқа айналып отыр. Оның ішіндегі қоғамға кері әсерін тигізіп жатқан алаяқтықтың өте қауіптісі — интернет арқылы жасалатын алаяқтық.
Сол себепті барынша абай болу керек және жеке деректердің қауіпсіздігін бақылап отырған жөн. Интернет алаяқтармен бірге күресейік!

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика