• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ПОЛИЦИЯ БЕЛГІЛЕНБЕГЕН ЖЕРДЕН ӨТКЕН 900-ДЕН АСТАМ ЖАЯУ ЖҮРГІНШІНІ АНЫҚТАДЫ

Автор:admin

Сен 4, 2024
Spread the love

Жыл басынан бері Түркістан қаласында Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы жаяу жүргіншілердің белгіленбеген орындардан өтуінің 900-ден астам жайты анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жаяу жүргіншілердің қатысуымен болатын жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында полицейлер жүйелі іс-шаралар өткізуде. Жолдағы қауіпсіздік тек жүргізушілерге ғана емес, жаяу жүргіншілерге де тығыз байланысты екенін ескеруіміз қажет.
Осы ретте кейбір тұрғындар жолдан өтіп бара жатса да, телефонға қарауын тоқтатпайды. Құлаққап арқылы әуен тыңдайды. Енді бірі телефонмен сөйлеседі. Бұл да жүргіншілерді алаңдатады.
Полицейлердің айтуынша, белгіленбеген жерден өткен жаяу жүргіншілерге 2 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Ережені бір жыл ішінде қайта бұзған жағдайда айыппұл 10 АЕК-ке дейін ұлғаяды.
Статистика көрсеткендей, жолдағы апаттардың үштен бірі жаяу жүргіншінің қатысуымен тіркеліп жатады. Сондықтан белгіленбеген жерден өту жол қозғалысының барлық мүшелеріне қауіпті екенін есте ұстаңыздар. Жол қозғалысы ережесін сақтаңыздар, деп хабарлайды Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика