Түркістан облысында полиция адамдар көп шоғырланатын аумақтарда түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жаднамалар таратуда. Бірқатар бейнероликтер жасалып, алаяқтардың айла-тәсілдерінен хабардар етіп, сақтану дағдыларын үйретуде, деп хабарлайды Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.
Ал төмендегі бейнеролик арқылы тұрғындарға ескертулерді дер кезінде жеткізіп, интернет алаяқтарының жолына тосқауыл қоюға шақырады.
Бөгде біреу хабарласып жеке мәліметіңізді сұраса, ұялы телефоныңызға код келді деп, соны айтып жіберуіңізді өтінсе мүлде сенбеңіз деп кеңес береді!
Полиция алаяқтардың арам айласы іске аспау үшін үнемі қырағы әрі сақ болуды ұсынады!