• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Полиция аккумуляторлар ұрлаған жас жігіттерді анықтады

Автор:admin

Май 21, 2024
Spread the love

Жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде Сайрам ауданының полицейлері ұрлық қылмысын жасады деген күдікпен жас жігіттерді қолға түсірді.
Белгілі болғандай, 4 күдікті жігіттер кешкі уақытта айыптұрақта тұрған көлігіне ұрлыққа түскен. Яғни олар көліктің алдыңғы терезесін сындырып, ішінен 2 дана акумуляторын ұрлап кеткен.
Ал ұрланған затты металл сынықтарын қабылдау пунктіне өткізіп жіберген. Полиция қызметкерлері айғақты затты тәркілеп, заңды иесіне қайтарды.
Қазіргі таңда күдіктілердің бұдан басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.
Бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру, яғни ұрлық қылмыстық құқықбұзушылығы Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 188-бабында көзделген. Соның ішінде, атап айтқанда, ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігінде, яғни, үй-жайға заңсыз кірумен жасалған ұрлық, аталмыш баптың санкциясында мүлкi тәркiленiп, екі жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген, яғни ҚК-тің 11-бабының 4-бөлігіне сай, ауыр қылмыстық құқықбұзушылық болып табылады.
Яғни, біреудің үйіне рұқсатсыз кіргеннің өзі қылмысты ауыралататын мән-жай болып табылады.
«Ұрлық түбі қорлық», — деп бекерге айтпаған, оның арты жақсылыққа апармасы анық, егер ұрлық жасаса, сол ісі әшкереленіп өзі қорланады. Біреудің тапқан табысын, адал еңбегін қанау барып тұрған азғындық. Сондықтан, оны ауыр қылмысқа жатқызу дұрыс тұжырым деуге болады.
Ұрлық – әдетке, әдет әдепті бұзатын ауыр күнәға апарады. Бүгін тегін олжаға кенелгенмен, оның да сұрауы бар екенін ұмытпайық.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика