• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Полиция «Alphard» жүргізушілеріне түсіндірме жүргізді

Автор:admin

Авг 22, 2024
Spread the love

Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтың тапсырмасымен жеке құрам қоғамдық көлік иелерімен, жолаушылармен тілдесіп, жол ережесін бұзбауға шақыруда.
Жүргізушілерге жол апатына бірден-бір себеп болатын қарама-қарсы бағытқа мүлдем шықпауды қатаң ескертуде.
Оның ішінде жұртшылықтың пікіріне орай жылдамдықты шамадан тыс асырып, қарама-қарсы қозғалыс жолына шығуға құмар «Alphard» жүргізушілеріне түсіндірме шараларын күшейтті. Рейд жасап, оларға жол қателікті кешірмейтіні жеткізілді.
Осы ретте барлық көлік иелеріне жылдамдықты асырмауды, қарсы жолаққа шықпауды, жол қозғалысы ережесіне баса назар аударуға шақырамыз, деп хабарлайды Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика