16-17 тамыз күндері облысымыздың барлық аудандарында «Жолда қабылдау» акциясының кезекті кезеңі өтті. Бұл шара — полицияның азаматтармен өзара байланыс жасауда жаңа модельге көшуінің бір бағыты десек болады.
Акцияның бірінші тәулігінде полиция жалпы 495 азаматты қабылдады. Олардың басым көпшілігіне құқықтық түсіндірме жүргізілді. Келіп түскен сұрақтардың ішінде 45-і автокөлікті тіркеу мәселесі болса, жүргізуші куәлігін алу тәртібі бойынша 55 сұрақ, ал жол жүрісін ұйымдастыру мәселесімен 141 сұрақ, автокөлік құралдарын қайта жабдықтау мен газ құрылғыларын орнату бойынша 17 сұрақ болды.
Айыппұлдарға қатысты 175 сұрақ, көші-қон қызметіне байланысты 47 және Ішкі істер органдарына қатысты басқа да мәселелер бойынша 15 сұрақ қаралып, олардың барлығына тәртіп сақшылары тарапынан жауап берілді. Аталған қабылдау ертең сағат 19:00-ге дейін жалғасады, деп хабарлайды Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.