• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ПОЛИЦЕЙЛЕР ҚЫЛМЫССЫЗ АУЫЛ ҚАТАРЫНЫҢ КӨБЕЮІНЕ ҮЛЕС ҚОСУДА

Автор:admin

Апр 4, 2024
Spread the love

Қазығұрт ауданында жыл басынан бері бірде-бір қылмыс орын алмаған және отбасы саласындағы зорлық-зомбылық бойынша шақыртулар түспеген ауыл бар. Ол Шарбұлақ ауылы. Аталған ауылда «Ізгілікке бет бұрған ауыл» тақырыбында жиын өтті. Оған Түркістан облысы полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасының бастығы А. Тастанбеков, аудан әкімі А.Исмаилов, полиция бастығы А.Серикбаев пен ақсақалдар кеңесінің төрағасы А. Омар, сондай-ақ жергілікті тұрғындар қатысты.
Ауқымды шарада отбасының құндылығы туралы көріністер көрсетіліп, өңірде арақ-шарап сатуға тыйым салу мәселелері айтылды. Сондай-ақ полицейлер қылмыссыз ауыл қатарының көбеюіне үлес қосуда. Қылмыстарды болдырмау бағытында тұрғындар арасында байланыс орнатып, олардың арасында қандай да бір құқық бұзушылықтарды болдырмау үшін алдын-алу шараларын жүргізуде. Яғни ішімдіктің кесірінен қылмыс болуы мүмкін екенін түсіндіріп, алаяқтық және бұзақылықтар туралы профилактикалық іс-шараларды үнемі жүргізуде. Соның нәтижесінде ауылда соңғы екі жылда қылмыс орын алмаған.
Шара соңында Шарбұлақ ауылдық округіне «Үлгілі ауыл» статусын беріп, осы бағытта жұмыс жасаған қызметкерлерді «Алғыс хатпен» марапаттады.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика