Түркістан облысы полицейлерінің назарына белгісіз жас жігіттердің жол қозғалысын бақылайтын бағдаршамның арнайы құрылғысын ашып, ток жалғанған түймесін басып, электр сымдарымен ойнаған сәті түскен бейнежазбаны анықтады.
Осы бойынша тәртіп сақшыларымен бірден тексеру жұмыстары жүргізілді. Полицейлер құқық бұзушылық жасағандардың жеке басын, тұрғылықты мекенжайын анықтады. Олар Созақ ауданының кәмелет жасына толмаған. 3 тұрғыны болып шықты. Жасөспірімдермен профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Жасөспірімдер бұл теріс әрекеттерін қызық көру мақсатында жасағандарын мойындап, алдағы уақытта қайталамайтындарын жеткізді.
Аталған жайт бойынша жасөспірімдердің заңды өкілдері, яғни ата-анасына ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы «Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы» бойынша әкімшілік шара көрілді.
Түркістан облысы полицейлері тұрғындарға қоғамдық орындарда ірілі-ұсақты бұзақылықтар мен тәртіпсіздіктер жасамауға кеңес береді.