Түркістан облысы полиция департаменті Түлкібас аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері тамыз айының 15 мен 22 күндері аралығында Түлкібас ауданы аумағында республикалық «Пробация» жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізді. Іс-шараның мақсаты — пробацияда есепте тұрған адамдардың жаңа құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу.
Пробация қызметі есебінде тұрған адамдардың жаңа құқық бұзушылықтарды жасауының алдын алу жөніндегі өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру барысында инспекторлар есептегі тұлғаларға сот жүктеген міндеттерді орындауды және қылмыстық, әкімшілік құқықбұзушылықтар жасамау керек екендігін қатаң ескертіп, олармен профилактикалық сұхбаттар жүргізді.
Шара кезінде қайталама қылмыс жасауға, алкогольдік ішімдік ішуге, отбасылық тұрмыстық жанжалға бейім тұлғалар қадағаланып, учаскелік полиция инспекторларымен тығыз байланыста жұмыстар атқарылып жатыр, деп хабарлайды Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.