• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Полицейлер жедел кеңес өткізді

Автор:admin

Авг 20, 2024
Spread the love

Шымкент қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі А.Бейсенбаевтың төрағалығымен қалалық прокуратураның басшылығы және аудандық полиция басқармаларының басшылығы жергілікті полиция қызметінің басшылары, анықтау бөлімдерінің басшыларының және жеке құрамның қатысуымен жедел кеңес өтті.
Аталған жиында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» жөнінде заң жобасы талқыланды.
Басты міндет азаматтардың конституциялық құқықтары бұзылуына жол бермеу екенін ескере отырып, ҚР ҚК-гі 108-1 бабы мен 109-1 бабының тергеу жолдарымен орын алатын кемшіліктер ортаға салынып, оларды жою мәселелері қарастырылды.
Жедел қызметтердің деректері бойынша мектеп жасына дейінгі балалардың жарақаттануы және қаза болуы көбінесе өрт шығу, жол жүру ережелерінің бұзылуы, өзен-көлдерде шомылу, жұқа мұзда конькимен сырғанау, ойын кезінде орын алады. Қауіп табиғи апаттардан, уландырғыш заттардан, бейтаныс адамдармен қарым-қатынас жасаудан және т.б. туындайды.
Балалардың кешенді қауіпсіздігін қамтамасыз ету – ата-аналар мен мектепке дейінгі ұйымдардың негізгі міндеті.
Күнделікті өмірде балаларды қауіпсіздік дағдыларына үйрету қажет:
— баламен әңгімелесіңіз, өмірді сақтауға көмектесетін ережелерді түсіндіріңіз;
— балаларға тұрмыста, көшеде және жолда өзі-өзі дұрыс ұстауға үйретуде үлгі көрсетіңіз;
— мектепке дейінгі ұйыммен байланыста болыңыз: топ тәрбиешілерінің, әдіскердің, мектепке дейінгі ұйым басшысының байланыс телефондарын жазып алыңыз;
— баланың күні бойы қай жерде жүргенін білу қажет: бала тәулігіне 24 сағат ата-аналардың бақылауында, қамқорлығы мен назарында болуы тиіс;
— балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмаңыз, балалардың уақыты немен өтетінін бақылаңыз;
— балаға бейтаныс адамдармен сөйлесуге рұқсат бермеңіз;
— өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтаңыз, тұрмыстық құралдардың, оның ішінде электр жылытқыштардың, басқа да электр жабдықтарының, пештің дұрыс жұмыс істеуін және пайдаланылуын қадағалаңыз;
— көлік жүретін жолға назар аудара отырып, мектепке дейінгі ұйымға дейінгі ең қауіпсіз маршрутты таңдаңыз;
— балаларды жолда жүру ережелеріне үйретіңіз, оларды жолда және қоғамдық көлікте мұқият болуға үйретіңіз;
— қылмыстық жағдайға жол бермеу үшін балаға бағалы заттарды (ұялы телефон, қомақты ақша, зергерлік бұйымдар және т. б.) және мектепке дейінгі ұйымға тамақ апаруға рұқсат бермеңіз;
— балалардың қалталарын, иық сөмкелерін тексеріңіз, балалардың киімінде түйреуіштер болмауы тиіс;
— балалармен ойын немесе спорт алаңдарында болғанда, қауіпсіздік талаптарын сақтаңыз;
— мектепке дейінгі ересек жастағы балалар үйдің мекенжайын, телефонын, ата-анасының аты-жөнін білуі тиіс;
— төтенше жағдайларда 101 – өртке қарсы қызмет, 102 – полиция, 103 – жедел көмек, 104 – газ қызметі телефондарына хабарласыңыз.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика