• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Полицейлер 40 жасына дейін құжатсыз жүрген ер адамға жеке куәлік табыстады

Автор:admin

Апр 21, 2023
Spread the love

Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметіне 40 жастағы тұрғын келіп, осы уақытқа дейін өзінің жеке басын анықтайтын төлқұжатын алмағанын хабарлайды. Осы орайда ер адам тәртіп сақшыларынан құжаттандыру жұмыстарын жүргізуге көмек сұрайды.
Тұрғынның өтініші бойынша Қазығұрт АПБ-нің көші-қон қызметі тобының полицейлері жедел түрде іске кірісті. Оның жоғалған туу туралы куәлігін қайта қалпына келтіріп, сол арқылы жаңа жеке куәлігін жасау жұмыстарын жүргізді. Соңында тұрғынның өтініші қанағаттандырылып, жаңа құжат табысталды.
Тәртіп сақшыларының атқарған қызметіне көңілі толған Ербол Баратов: «Мен, Қазығұрт ауданында дүниеге келгенмін. Осы уақытқа дейін отбасылық жағдайыма байланысты төлқұжат ала алмадым. Қазіргі таңда қазығұрттық көші-қон қызметі тобының полиция қызметкерлері маған көмек берді. Жеке куәлігімді алуыма себепкер болды. Осы үшін үлкен алғысымды білдіремін!» -деді.
Түркістан облысының полицейлері елдің тыныштығын күзетумен қатар, олардың құжаттарының заңға сәйкес дұрыс болуы бағытындағы жұмыстарды жолға қойған. Бұл соның бір дәлелі іспетті.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика