AMANAT партиясының Шымкент қаласына 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды Халықлықпен бірге сайлауалды бағдарламасының Жол картасы бекітілді. Оның мерзімінде және сапалы орындалуы партиялық бақылаудың мықтылығына байланысты болмақ. Қаратау аудандық филиалының партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Балтабаев Талғат бастаған топ қалаға қарасты Шымкент сити шағынауданынан бой көтеріп жатқан саябақтың құрылысымен танысты. Құрылыс жұмыстары кестеге сай жүруде. Мұнда партиялық бекеті ашылды. Осы орайда, комиссия мүшелері тарапынан мердігер мекемеге 18 га аумақты қамтитын саябақ құрылысының сапасы жоғары болуы тиіс екенін ескертіп, жұмыстың қадағаланатынын айтты. Бұл жоба толық жүзеге асса, қаламыздың көркіне көрік қоспақ. Қала берді, тұрғындардың таза ауада серуендейтін орындарының саны да арта түседі.
Биыл қалада 447 адамға 400 АЕК мөлшерінде мемлекеттік грант және 21-35 жас аралығындағы 261 жасқа жеңілдетілген шағын несие беру жоспарлануда.
Тұран ауданы мегаполис аумағының 32%-ын құрайды, яғни жалпы аумағы 36,3 мың га. Халық саны 220,7 мың. Жаңадан ашылған бөлімше күнделікті 100-200-ге жуық адамды қабылдай алады. Штаттық бірлік 25 адамнан құралған. Мекеме ішінде күту залы, өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы, жұмыспен қамту және атаулы әлеуметтік көмек бөлімі қарастырылған.
Айта кетейік, Тұран ауданы бойынша жұмыспен қамту бөлімшесіне Қазыбек би көшесі бойынша № 84, 113, 114, 182 бағытындағы жолаушылар көлігі қатынайды. Ал, Дулати көшесінен №84, 113,182 жолаушылар көлігі арқылы «Некрасова» аялдамасынан бөлімшеге қатынай аласыздар.
Шымкент қаласы Абай ауданы бойынша жұмыспен қамту бөлімшесінде пробация есебінде тұрған жұмыссыз азаматтар, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандар үшін 12 жұмыс беруші мекеме 100-ге жуық бос жұмыс орындарын ұсынды. Нәтижесінде іс-шараға қатысқан пробация есебіндегі 40 азаматтың 17-і, ал 26 алимент бойынша борышкер азаматтың 12-і жұмысқа жолдама алды.