• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Партиялық бақылау: ЖЭО негізгі жабдықтарының 66%-ның тозығы жеткен

Автор:admin

Июл 25, 2023
Spread the love

Жаңа жылыту маусымының басталуына небәрі 2 ай қалды. Өткен маусымдағы көптеген олқылық пен апаттарды ескерсек, қыстың қамын жазда ойлап, ертерек қамдану керек. Оның үстіне, бұл салада жылу желілерінің тозуы, мамандардың тапшылығы сияқты бірқатар қордаланған проблема бар. Осы және басқа да түйткілді мәселелер «AMANAT» партиясының Партиялық бақылау комитетінің отырысында көтерілді.
Жылу энергиясын өндіретін нысандардың басым көпшілігінде белгіленген ережелер мен талаптар сақталмайды. Бұл туралы Комитет төрағасы, Мәжіліс депутаты Павел Казанцев мәлімдеді.
«Нысандарға жөндеу жұмысы жүріп жатыр. Бірақ, өкінішке қарай, барлық жерде жұмыстың қарқын мен көлемі ойдағыдай емес. Біз мәселені бақылауда ұстаймыз. Алайда, біздің комиссиялар мемлекеттік органдардың есептері көбінесе нақты жағдаймен сәйкес келмейтінін анықтап отыр», – деді ол.
ПБК төрағасы Комитеттің жұмыс тобы жылу энергетикасы саласында қазір орын алып отырған жағдайды талдау үшін ауқымды жұмыс атқарғанын және қордаланған проблемаларды шешу жолдарын ұсынғанын атап өтті.
Партиялық бақылау комитетінің мүшесі Мирас Шекеновтің айтуынша, бүгінде елімізде жылу энергиясын өндіру секторында 37 ЖЭО жұмыс істейді, оның 15-і мемлекеттік меншікте және әртүрлі қуаттылықтағы 2 500-ге жуық қазандық бар. Олардың 80% көмірді пайдаланады.
Толыққанды заңнамалық базаның болмауы және саланы реттеуде айтарлықтай құқықтық олқылықтардың болуы да өз алдына бір мәселе. Жылу энергетикасын реттеудің толыққанды құқықтық негізін белгілейтін жеке салалық заң жоқ. Тиісті заң жобасын әзірлеуді Энергетика министрлігі биыл ғана аяқтады.
Партиялық бақылау комитетінің жұмыс тобы бір мемлекеттік органда жылу энергетикасы жүйесін реттеу саласындағы функцияларды орталықтандыру жөнінде шұғыл шаралар қабылдау қажет деген қорытындыға келді.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика