• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ПАРТИЯ ҚАТАРЫ ЖАҢА МҮШЕЛЕРМЕН ТОЛЫҚТЫ

Автор:admin

Июн 27, 2023
Spread the love

Бүгін «AMANAT»-тың Шымкент қалалық филиалында партияға жаңа мүшелерді қабылдау салтанатты рәсімі өтті.
Филиал және қалалық мәслихат төрағасы Бахадыр Нарымбетов БАҚ өкілдерінің кәсіби мерекесі қарсаңында партия қатарына жаңа мүшелерді салтанатты түрде қабылдады. Төраға журналистер қауымына билеттер табыстай отырып, партияның сайлауалды бағдарламасын, стратегиялық жоспарын жүзеге асыру жолында белсенді жұмыс жасап, өңіріміздің дамып, өркендеуіне партия мүшесі ретінде лайықты үлес қосатындарына сенім білдірді.
«AMANAT» әрқашан қоғамдық-саяси оқиғалардың бел ортасынан табылып келеді. Жаңа, Әділетті Қазақстан құру жолында азаматтық қоғам мен билік арасындағы дәнекер болу үшін халық өкілдерімен етене жұмыс істеп келеміз. Осы ретте журналистер, сіздердің атқарар рольдеріңіз зор. Партия қатарына өз пікірін, ойын ашық айтып, қаланың, еліміздің дамуына үлес қосамын деген азаматтардың қосылып отырғаны қуантады. Бұл біліміңіз бен тәжірибеңізді Отанымыз бен халқымыздың игілігі жолында жұмсауға жасалған мүмкіндік екеніне сенімдімін. Алдағы уақытта партиялық жобаларды жүзеге асыруға атсалысасыздар деп үміттенемін. Барлық игі бастамаларыңызға сәттілік тілеймін!», – деді Бахадыр Мәдәліұлы.
Айта кетейік, қазіргі уақытта Шымкент қалалық партия филиалы бойынша 28 мыңнан астам партия мүшесі бар, олар 38 бастауыш партия ұйымына біріктірілген.
Еске салар болсақ, «AMANAT» партиясы Қаратау аудандық филиалының төрағасы, қалалық мәслихат депутаты Имашев Қайрат Есенбекұлының қатысуымен жергілікті тұрғындармен кездесу өткізген болатын.
Депутатпен өткен кездесуде ұсыныс, талап-тілектер айтылды. Атап айтар болсақ тұрғындар аудандағы сапалы ғаламтор желісі, қоғамдық көліктердің қатынауы, ішкі көшелердің асфальттап беруін сұрады. Айтылған мәселелердің барлығын халық қалаулысы бақылауына алып, назарда болатынын айтты.
Тұрғын үй сертификаты әлеуметтік көмек ретінде қайтарымсыз негізде өтініш берушіде және онымен үнемі бірге тұратын отбасының әрбір мүшесіне ағымдағы қаржы жылына заңнамада белгіленген айына ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 көрсеткішінен аспайтын (2022жылға-36 018теңге) соңғы 6 ай ішінде орташа табысы 111 656 теңгеден аспауы тиіс (зейнетақы аударымдарын, жеке табыс салығын және өзге де міндетті аударымдарды қоспағанда).
Тұрғын үй сертификатын алушылар санатына жататындар:
— мүгедек балалары бар немесе мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
— көпбалалы отбасылар;
— толық емес отбасылар.
— Шымкент қаласының мемлекеттік мекемелері мен мемлекеттік кәсіпорындарының, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт саласының мамандары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен мемлекеттік қызметшілер.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика