Жетісай ауданында 2024 жылдың 30 шілдесі күні Жетісай аудандық жедел штаб мүшелерінің практикалық дағдылары мен тәжірибелерін жақсарту және күрделі лаңкестік әрекеттерді еңсеру барысында олардың топтасып жедел іс-қимыл жасауларын жетілдіру мақсатында терроризмге қарсы операциялық-тактикалық оқу-жаттығу іс-шарасы болып өтті, деп хабарлайды Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.
Осыған орай, оқу-жаттығу іс-шарасының өткізілуі барысында орын алған уақытша қолайсыздықтар үшін аудан тұрғындарынан кешірім сұраймыз.