Отбасына қонаққа (Меймандос отбасы) Әлі заңнамалық бекітілім алмағанына қарамастан «меймандос отбасы» сияқты түсінік (форма) соңғы кезде Қазақстанда кеңінен қолданысқа ие болуда. Меймандос режимін пайдалану мүмкіндігі үшін ҚР БҒМ балалардың құқығын қорғау комитетімен арнайы Әдістемелік ұсыныстар жасалған болатын. Халықаралық тәжірибеде меймандос режимі көбінесе «меймандос патронат» немесе тәлімгер ретінде пайдаланылады, бұл баланы отбасына тұрақты тұруға рәсімдеусіз көмек көрсету формасы болып табылады. Демалыс, мейрам немесе оқу демалысы кездерінде бала қонақ 1-тарау. Жетімдік аясындағы жағдайға шолу 36 құқығында тәлімгердің отбасында — 1–2 күннен бір айға дейін мерзімде тұрады. Психологтар меймандос режимін 7 немесе одан үлкен жастағы балаларға, яғни олар ересектердің оларды нақты қонақ ретінде ғана алып жатқандығын түсінетіндей жаста рәсімдеген дұрыс деп санайды. Меймандос режимі балаларға отбасында қонақ ретінде ғана болса да, сол ортада болуға, қарым-қатынасты көруге және интернаттық мекеменің қабырғаларынан тыс, қарапайым өмірді көрулеріне мүмкіндік береді. Қонақта болу балалар үйінде алуға мүмкін емес қабілеттер мен біліктіліктерді алуға көмектеседі. Меймандос отбасы арқылы тәлімгерлік балаға қонақта болған кезінде ғана емес, сонымен қатар мекемде болғанда және болашақ өмірде де моральдық қолдау мен көмек алуға мүмкіндік береді, себебі әдетте бала мен тәлімгер арасында хат жазысулар, телефонмен байланыс қалыптасады, осылайша балада «туысы» және досы пайда болады, бұл баланы бұрынғыдай жалғаз етпейді және оның өзін-өзі бағалауын және мекемедегі балалар арасындағы иерархиялық статусын көтереді. Меймандос отбасы асырап алу, қорғаншылық немесе асырап алушы отбасы жолындағы бірінші қадам болуы мүмкін – бұл балаға және отбасына бірін-біріне қарап, танып алуға, шешім дұрыс жасалды ма соған көз жеткізуге мүмкіндік береді. Тұрақты жайғасу формаларына өту кезінде балаға бейімделуден өтуге жеңіл болады, себебі балада отбасындағы өмір сүру тәжірибесі бар. Меймандос режим толық медициналық куәландырудан өтіп және көптеген анықтамалар жинауды қажет етпейтін аса қарапайым ресімдеуге ие. Ол сонымен қатар тұрақты отбасын табу өте қиын, келесі жағдайда балалар үйінде тұруға тап болған баланы/балаларды алуға мүмкіндік ретінде қолданылады: сотталған ата-аналарынан немесе көп балалы отбасынан алынып қойған. Меймандос отбасыларына балаларды уақытша беру баланы отбасына орналастырудың тұрақты формасы болып табылмайды және олардың меймандос отбасында болған кезінде балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша ұйымның құқықтары мен міндеттерін тоқтатпайды. Бірақ, тәжірибеде меймандос отбасын рәсімдеу қорғаншылық немесе патронаттық тәрбиелеуге қарағанда әлдеқайда қиынырақ. Нақты ережелер мен регламенттердің заңнамалық бекітілмегендігінен қорғаншылық пен қамқоршылық органдары әрқайсысы өз қалауымен ресімдеу ережелерін ойлап табады.
R-ақпарат