• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Отбасылық қатынастар психологиясы

Автор:admin

Сен 25, 2022
Spread the love

Отбасындағы қатынастар психологиясы  нервтік және психикалық аурулардың, сондай-ақ отбасы тәрбиесі мәселелерінің алдын алу міндеттерімен байланысты дамып келеді. Отбасы психологиясында қарастырылатын мәселелер әртүрлі: бұл ерлі-зайыптылық, ата-ана-балалық қатынастар, отбасында үлкендермен өзара қатынастар, дамыту бағыттары, диагностика, отбасылық кеңес беру, қатынастарды түзету.  Отбасы — сыйластық , жарастық орнаған орта, кішкентай Отан.
«Отан – отбасынан басталады» дегендей отанды сүю- отбасынан басталатыны рас!

Себебі, отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.Адамның жеке басының қалыптасуы отбасынан басталады.Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді.

Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке адамның бойындағы ар-ұятын , ақыл-ойын ,адамгершілігін , мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы – алғашқы қадам.Отбасы – өте қажетті, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ.

Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті де біз отбасын Отанның кішкентай бір бөлшегі ретінде қарастырамыз.

Отбасылардың дамуында соңғы он жылда айқын аңғарылып жүрген бірқатар бетбұрыстарды бөлуге болады:

— дәстүрлі (патриархалдық) түрдегі көпядролық кеңейгенотбасынан нуклеарлы отбасына көшу;

— бала туудың азаюы – ХХ ғ. соңында қазіргі қоғамға тән ерекшелік. Қазіргі қоғамда көп балалы отбасынан аз балалы отбасына көшу әйелдердің өндірістік салаға араласуымен; ерлі-зайыптылардың кәсіби іс-әрекет ерекшеліктерімен, соның ішінде оның жоғары технологиялылығымен; құндылық бағдарлармаен және қазіргі отбасының әлеуметтік-экономикалық жағдайларымен байланысты. Көптеген елдерде бала туу санының азаю себептері: қоғамның экономикалық тұрақсыздығы; жас отбасылар үшін әлеуметтік кепілдіктің төмен деңгейі; балалар мен жеткіншектердің әлеуметтік қамқорлығының әлсіздігі; «білім беру құнының» және білім беру қызметтерінің ақылы секторының салыстырмалы мөлшерінің шарықтауы; денсаулық қорғау, әсіресе ана мен бала денсаулығын қорғау деңгейінің қанағатсыздығы; ана болу беделінің төмендігі болып табылады. Сонымен, орташа есеппен алғанда көп жағдайда бір балаға төрт ата мен әже келеді. Бұл жағдай отбасы қамқорлығында «қиындық» тудырады – ата-аналарға өзінің қарт ата-аналарына да қамқорлық көрсетуге тура келеді.

 

R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика