• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Отбасылық саясат саласындағы негізгі көрсеткіштер

Автор:admin

Окт 4, 2022
Spread the love

Қазақстанда отбасылық саясат дамудың даңғыл жолына түскен. Отбасы мемлекетті құраушы және оның ажырамас бөлігі. 2009 жылғы ұлттық халық санағының деректеріне сәйкес республикада отбасы саны 4 022 388 құрады, оның ішінде қалалық отбасылар – 2 233 496, ауылдық отбасылар – 1 788 892. 1999 жылы – 3 532 167, оның ішінде қалалық отбасылар – 2 158 972, ауылдық отбасылар-1 373 195.

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттiгiнің Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша 2021 жылдың қорытындысы бойынша тіркелген некелер саны 140 256 бірлікті құрады (2020 ж. – 128 839).

2021 жылға тіркелген ажырасулар саны 48 239 бірл. (2020 ж. – 48 002).

Тіркелген некелер санына бұзылған некелер үлесінің азаюы байқалады (2021 жылы – 34,4%, 2020 жылы – 37,2%).

Ажырасудың ең көп саны Алматы қаласында (5 281), Алматы облысында (5 075), Қарағанды облысында (4 717), Нұр-Сұлтан қаласында (4 296).

«Қазақстандық отбасылар – 2020» ұлттық баяндамасының деректеріне сәйкес отбасындағы зорлық-зомбылық (43,2%), ерлі-зайыптылардың бірінің маскүнемдік, нашақорлық проблемалары (39,7%), ерлі-зайыптылыққа опасыздық (35,8%) жағдайлары қазақстандықтардың пікірі бойынша ажырасудың ақталған себебі болуы мүмкін.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің деректері бойынша 2021 жылы отбасы-тұрмыстық салада жасалған 1047 құқық бұзушылық (2020 жылы — 1072), отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстық құқық бұзушылық – 502 (2020 жылы — 443) тіркелген.

Отбасы-тұрмыстық салада жасалған құқық бұзушылықтар саны бойынша жоғары деңгей Шығыс Қазақстан, Алматы және Қарағанды облыстарында, төмен деңгей Атырау, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында сақталуда. Сонымен қатар, мемлекеттік тапсырма аясында «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ Отбасы институтын зерттеу орталығы отбасылық саясат саласын ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету бойынша бірқатар қызметтерді жүзеге асыруда:

1) «Қазақстандық отбасылар – 2022» ұлттық баяндамасы;

2) «Азаматтық неке Қазақстандағы отбасылық-неке қатынастарының үлгісі/нысаны ретінде» әлеуметтік зерттеуі;

3) «Қазіргі қазақстандық қоғамдағы гендерлік саясат» әлеуметтік зерттеуі;

4) «Әлеуметтік интеграция және балалар үйлері тәрбиеленушілерінің қоғамына бейімделу» әлеуметтік зерттеулері.

R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика