• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

«ОТБАСЫ – ӨМІР АЯСЫ» ФОРУМЫ ЖАСТАРДЫ БЕЙ-ЖАЙ ҚАЛДЫРМАДЫ

Автор:admin

Апр 4, 2024
Spread the love

Түркістан облысы полиция департаменті Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен «Отбасы-өмір аясы» атты Тұр¬-мыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында форум өтті.
Форум отбасындағы зорлықтың құрбандарына психикалық, заңгерлік және әлеуметтік қолдау көрсету, агресорлармен профилактикалық жұмыстар жүргізуден бөлек, оларды учаскелік полиция пунктерінің жанынан құрылған қоғамдық қауымдастықтарда қарап, тәрбиелік ықпал ету шараларын қолдануды мақсат етті.
Аталған шараға аудан әкімінің орынбасары А.Қозыбаев, аудан прокуроры Ж.Ахмедбек, аудандық полиция бөлімінің бастығы Е.Бейсебаев және өнер майталмандарымен зиялы қауым өкілдері, аудан тұрғындары қатысты.
Бүгінгі таңда Сарыағаш аудандық жергілікті полиция қызметі иснпекторлары, Сарыағаш ауданы әкімдігі жанынан құрылған қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық топ мүшелері, «Әлеуметтік – психологиялық сүйемелдеу орталығы» мамандары, «Жастар ресурстық орталығы» психологтары мен біргелікте қорғау есебіне алынған азаматшалардың тұрғылықты мекен-жайлары бойынша аралау жұмыстары жүргізіліп, оларға әлеуметтік және психологиялық көмектер көрсетілгендігін полиция полковнигі Е.Бейсбаев өз сөзінде айтып өтті. .
Форумда «Отбасы – өмір аясы» атты шара Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтің бастамасымен жүзеге асырылып жатқандығы айтылып, «Ел болам десең – бесігіңді түзе» дегендей, мемлекетіміздің ертеңі болатын өскелең жастардың бақытты және білімді отбасында тәрбиеленуі үшін жұмыла ат салысуға шақырамыз – деп қатысушылар өз пікірлерін ортаға салды.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика