• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Отбасы құндылығы: «Бұл мемлекеттік мүдде болуы тиіс»

Автор:admin

Сен 19, 2022
Spread the love

Евгений ПАСТУХОВ, Тұңғыш Президент қоры-Ұлт көшбасшысы жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының ғалым хатшысы:

Қазіргі таңдағы басты мақсат – жастардың санасына отбасы туралы құндылықтарды, оның қадірі мен қасиеті туралы мағыналы дүниелерді көбірек сіңіру. Иә, бұл бағытта мемлекет тарапынан ауқымды істер атқырылып жатыр.

Жалпы отбасы, оның пробелмалары мен құндылығы туралы айтқанда оның түп-тамырына үңілу керек сияқты. Неке құрудағы мақсат не? Бұл белгілі бір құндылықты табу және оған жету болып табылады ғой?!

Айталық, неке құру арқылы балалы боласыз, алдыңыздан ақша табу мәселесі, отбасын асырау, құдай қосқан қосағыңмен тіл табысу проблемалары шығады. Анығында, бұлар да құндылықтар. Осы құндылықтардың қадірі кеткенде отбасының шаңырағы құлайды.

Ғылымда «дұрыс неке» деген түсінік бар. Бұл нені білдіреді? Сіздерге мынадай сауал қояйын: «Христиандық мәдениеттегі мемлекеттерде екі әйел алу деректері болды ма? Болған. Айталық, 1650 жылы 30 жылға созылған соғыстан кейін Германия 5 млн. адамынан айырылады. Міне, сол тұстағы неміс билігі ер-азаматтарға 10 жыл бойына екі әйел алуына рұқсат береді.

Бұл не үшін керек болды? Әрине, халық санын, адам капиталын көбейту үшін. Бұл жалқы емес, жалпының – мемлекеттің мүддесі болды.

Ал қазір? Иә, қазір басқа заман. Басқа дәуір. Бірақ отбасы құндылығы деген түсінікті іргелі интститутқа айналдыру әлі де өзекті.

Айтайын дегенім неке, отбасылық құндылығы туралы түсініктің өзі мемлекеттік деңгейдегі дүние. Бұл мораль мәселесі. Ал мораль мәселесіне кез-келген мемлекетте сол елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы әсер етеді. Отбасының ең маңызды қызмет­те­рінің бірі – тәрбиелеушілік міндеті, оны қоғамдық тәрбиенің ең тиімді деген жүйесі де алмастыра алмайды. Оның негізгісі – баланы өмірге кел­тіру ғана емес, сонымен бірге оған әлеумет­тік-мәде­ни ортаның құндылығын қабылдат­тыру, үлкен ұрпақтың тәрбиесін жас ұр­пақ­қа жеткізу, бойына сіңірту, яғни бала­ларын өздерін қоршаған ор­таға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру – әке-шешенің ең маңызды мінде­ті. Ата-ананың, басқа да отбасы мүше­лерінің өмір сүру тәжірибесі, жүріс-тұры­сы, өз міндеттерін таза атқару, бір-бірін құрметтеп сыйлауы – бәрі де үлкен мектеп, тәрбиелік мәселе. Қазақ халқының отбасы тәрбиесіндегі өзіне тән жарасымдылықтың бүгінде құл­дырауға ұшырауына байланыс­ты қо­ғам­­да бірқатар керітартпа әрекеттің пай­да бола бастағанын байқауға болады.

R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика