Оған мемлекет аса қамқорлықпен қарауы тиіс. Алименттік қатынастар бұл өзінің табиғатына қарай біріншіден, отбасы қатынастарында қатысушылардың өзара көмек көрсетуі қамқорлықтың белгісі, екіншіден, алименттік құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырудағы мемлекеттің құжат жүзінде жазылуына кепілдік береді, ал бұл ісшаралардың орындалмағанына мемлекет құқықбұзушыларды қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.
Ендігі кезекте, отбасылық қатынастарынан туындайтын келесі мәселенің бірі – бала асырап алу. Ол құқықтық институттардың ежелден келе жатқан бір түрі және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастырудың ең тиімді формасы болып табылады.
Бала (ұл немес қыз) асырап алу – асырап алушы мен асырап алынушы арасында ата-анамен бала арасында пайда болатын қатынас сияқты құқықтық қатынасты (жеке және мүліктік) көздейтін заңды акт.
Бала асырап алу ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастырудың өзге түрлерімен мынадай негіздер бойынша салыстыруға болады: құқықтық қатынастардың туындау негізі бойынша; құқықтық қатынастың сипаты бойынша; субьектілердің құқықтары мен міндеттерінің мазмұны бойынша.
Халықаралық бала асырап алудың негізгі ережелері бірқатар халықаралық құжаттарда бекітілген “Халықаралық деңгейде бала асырап алудың әлеуметтік және құқықтық қағидалары” Декларациясын айтуға болады және 1989 жылғы 20 қарашада Нью-Йоркте қабылданған БҰҰ “Бала құқықтары туралы” Конвенция (20-21 баптар) бойынша, бала асырап алу ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, елінде асырап алу мүмкін болмаған жағдайда ғана асырауға беру болып табылады. Бұл жерде, өзге мемлекетте бала асырап алу барысында өз мемлекетінде қолданылатын қажеттілігі туралы айта кету керек. Аталған қағидалар толық мөлшерде 1993 жылы 29 мамырда арнайы халықаралық асырап алу мәселелеріне арналған “Балаларды қорғау және шетелдік бала асырап алу қатынастарындағы ынтымақтастық туралы” Гаага Конвенциясында өз көрінісін тапты.
Ұлттық заңнама Қазақстандық балаларды шетелдік азаматтардың асырап алуына рұқсат береді. Алайда ұл бала(қыз бала) асырап алу мәселелерін шешу кезінде артықшылық қазақстандық азаматтарға беріледі және тек балаларды оларға беру мүмкін болмаған жағдайларда ғана халықаралық бала асырап алу көзделеді. Қазақстан азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға үміткер шетелдіктерді шақыру және оларға рұқсатнамалық қолдау көрсету құқығы ҚР-ның Білім және Ғылым Министрлігі мен Облыстық білім беру басқармаларына тиісілі. Қазіргі уақытта шетелдік азаматтардың осы санаты үшін рұқсатнамалық қолауды жоғарыда айтылған ведомстволардың шақыруы негізінде тек Астана қаласындағы Консулдық қызмет департаменті жүзеге асырады.
R-ақпарат