• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы құқық бұзушылық профилактикасы аясында семинар-тренинг өтті

Автор:admin

Май 23, 2023
Spread the love

Төлеби ауданы мекемелерінің бірлескен жоспары аясында, аудандық полиция бөлімінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі аға инспекторы полиция капитаны Ақмарал Боташеваның ұйымдастыруымен семинар-тренинг өткізілді.
Аталмыш іс-шараға Төлеби ауруханасы мен Леңгір қалалық емханасы психо-профилкатикалық бөлімінің психолог-мамандары З.Кульжанова. Ф.Тойшибекова, А.Шертаева және Төлеби ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу қызметі секторының меңгерушісі Қ.Омаров, әлеуметтік мамандары Е.Байсариев, П.Сайранова, Төлеби аудандық пробация қызметі бөлімі бастығының міндетін атқарушы әділет капитаны Д.Смаилов, Төлеби ауданы аналар кеңесінің төрайымы А.Ракишева қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты — отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтар профилактикасының тетіктерін жетілдіру, жағдайы төмен отбасылар мен құқық бұзушылық фактісі анықталған отбасылар арасында тиісті түсіндіру, танымдық семинар-тренинг ұйымдастыру.
Кездесуде Қазақстан Республикасы заңдарымен кепілдік беретін балалардың конституциялық құқықтары және отбасында кездесіп тұратын әйелдер мен балалар мәселелерін реттейтін заңдылықтардың бұзылуына жол бермеуге кеңес берілді. Тұрмыс қажеттілігіне байланысты құқықтық акт мөлшерінің талаптары түсіндіріліп, ақпараттық-насихат жүргізілді.
Отбасы салтының құндылықтарын дәріптеу және халықтың имандылық мәдениетін жаңарту, жастарға үлгі-өнеге көрсету, оларға дұрыс бағыт-бағдар, тәрбиелік мәні бар сұқбат өрбіді. Жиын соңында қатысушылар өз ойларын ортаға салып, психологиялық тренингтен ерекше көңіл-күймен тарқасты.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика