Балаларға альтернативтік күтім бойынша БҰҰ Нұсқаулығында әрбір бала оның қабілеттерінің толық ашылуына көмек көрсететін және оған қолдау, қорғаныш пен күтімін қамтамасыз ететін ортада өмір сүру керектігі жазылған. Тиісті қолдау көрсетудің өзінде отбасы балаға қажетті күтім жасай алмаса немесе оны қалдырып/бас тарқан күнде мемлекет баланың қорғанысына жауапкершілік алады және оған альтернативтік күтімді қамтамасыз етеді. БҰҰ Нұсқаулығында альтернативтік күтім келесі формаларға ие (төмендегі сұлбаны қараңыз). Ұлттық заңнамада формалды емес қамқорлық түсінігі жоқ. Мемлекеттің саясаты отбасылық тәрбиеге бағытталған, өз баласының тәрбиесіне басым құқыққа ата-аналар ие. Егер ата-аналар баладан бас тартса немесе оны тәрбиелеу құқығынан айырылса, онда мемлекет бала үшін өзіне жауапкершілік алады және бірінші кезекте уәкілетті органдар атынан жергілікті атқарушы органдар баланы отбасына жайғастыру бойынша шаралар қолдану керек (баланы асырап алу, қорғаншылық, патронат) және ондай мүмкіндік болмаған жағдайда ғана, бала жетім балаларға арналған ұйымдарға орналастырылады. Бала тәрбиеленуге тапсырылатын кандидатты таңдау кезінде оның некелік статусы мен материалдық жағдайы ескеріледі. Баланы асырап алу ресми тіркелген кәмілетке толмаған балаларға қатысты асырап алу кезінде жол беріледі. Егер балада оның тууын растайтын ресми құжаты болмаса, онда асырап алу баланы тіркеуге қатысты шаралардан кейін ғана мүмкін болмақ. Егер балалар бірін-бірі білмесе немесе бұл балалардың мүдделеріне жауап беретін жағдай болмаса, ағайынды және апалы-сіңлілердің әртүрлі тұлғалармен асыранып алынуына жол берілмейді. Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына орналастыру кезінде баланың мүддесі үшін оның 14 ұлты, нақты бір дін мен мәдениетке қатыстылығы, туған тілі, тәрбиелену мен оқытылудағы мирасқорлықты қамтамасыз ету мүмкіндігі ескерілуі мүмкін. Бір жынысты отбасыларына балаларды асырап алуға, қамқорлыққа, патронатқа алуға рұқсат берілмейді. Отбасы — сыйластық , жарастық орнаған орта, кішкентай Отан.
«Отан – отбасынан басталады» дегендей отанды сүю- отбасынан басталатыны рас!
Себебі, отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.Адамның жеке басының қалыптасуы отбасынан басталады.Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді.
Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке адамның бойындағы ар-ұятын , ақыл-ойын ,адамгершілігін , мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы – алғашқы қадам.Отбасы – өте қажетті, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ.
Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті де біз отбасын Отанның кішкентай бір бөлшегі ретінде қарастырамыз.
R-ақпарат