• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ОТБАСЫ МӘСЕЛЕСІ: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың себебі – надандық пен тәрбиенің жетіспеуінен

Автор:admin

Сен 21, 2022
Small model of house and family on blurred background
Spread the love

Шымкенттегі дағдарыс орталықтарының бірі – «Қорғау Шымкент» 2009 жылдан бері тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдерге көмек көрсетіп келеді. Қор басшысы Анна Рыль жылына орта есеппен 400 әйел көмек сұрайтынын айтты.

Егер әйелге қамқорлық қажет болса, біз орталығымызда уақытша тұрғыза аламыз. Өздігінен немесе полиция арқылы бізге келсе, психолог, әлеуметтік қызметкер, заңгердің көмегі – тегін. Қазір әрқайсысында 20 орыннан 2 бөлімшеміз бар. Жылына орта есеппен 400 әйел көмек сұрап хабарласады. Ал орталықта тұруға 80-дей әйел келеді. Жазда әдетте адам саны аздау болады. Бұл мезгілде әйелдер әдетте құрбысына немесе көршісіне барып бас сауғалай тұрып, кейін отбасына қайта оралады. Ал қыста күн сайын 2-3 әйел көмек сұрайды. Ешқашан бос орын болған емес – дейді ол.

Оның сөзіне қарағанда, әйелдер психологиялық, экономикалық зорлық-зомбылыққа өте ұзақ шыдайды.

Бұл біздің менталитетімізбен де байланысты. Мәселен, жақында орын алған жағдайға тоқталсам, орталыққа бір әйел келді. Күйеуі мемлекеттік қызметте жұмыс істейді. Анасы жас отбасының қолында тұрады. Әйелі де білімді. Ортаға анасы түскен. Ұзақ уақыт бойы шыдаған әйелге ақыры ері «Біз анам екеуміз сенімен ажырасамыз деп шештік» деген соңғы сөзді айтқан. Ата-ананың ықпалы көп тиетіні жасырын емес, — деп ағынан жарылды орталық басшысы.

Ал 80% жағдайда мұндай келеңсіз оқиғаларға күйеуінің ішімдік ішуі, есірткі қолдануы, ойынқұмарлық себеп болатынын алға тартты.

Бұл жайдан-жай орын алатын жайт емес. Оның түбінде отбасындағы бір олқылық жатыр. Жас отбасыларға көбіне ата-ананың қолдауы жетпей жатады. Әрі қыз баласына қашан да артылатын жауапкершілік жоғары. Ұлдарымызға бәрін беруге тырыссақ, қыздардан керісінше, көп нәрсені талап ететін сияқтымыз. Күні кеше ғана мәселен, бір әйелді орталығымызға алып келдік. Жолдасының табысы жаман емес, «Камаз» көлігі бар. Бірақ әйелдің не қыстық киімі, не сыртқа киіп шығатын іліп алары жоқ. «Әйел сұрамауы керек, әйел үндемеуі керек, тамағыңды дайында да, үйде отыр» деген психологиямен өмір сүретіндер көп. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың себебі – надандық, тәрбиенің жеткіліксіздігі. Проблеманың барлығы адамның шыққан отбасынан, балалық шақтан басталады. Әкесі анасына қол көтергенін көріп өскен ұл агрессор немесе ынжық болып өседі, — деді Анна Рыль.

Белгілі болғандай, әйелдер көп жағдайда балалары үшін отбасына оралады. Мамандар әйелдерге қажетті көмек беріп, отбасыны ажырастыруды мақсат тұтпайтындарын айтты. Соңғы шешімді қабылдау – әйелдің өз қолында. Дегенмен, дағдарыс орталықтары әйелдермен ғана жұмыс істеп, агрессор еркектер сырт қалып жатады. Осы сауалды мамандарға қойдық.

Агрессор ерлермен де жұмыс істейміз. Егер ол келіссе, орталыққа шақырып, психолог маман сөйлеседі. Қит етсе, жұдырығын ала жүгіретін еркекке психолог, психотерапевт мамандар қол ұшын береді, — деп жауап берді дағдарыс орталығының директоры.

R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика