• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Отбасы инситутын қолдау – мемлекеттің басты саясатының бірі!

Автор:admin

Сен 27, 2022
Spread the love

Отбасы институтын қолдау бойынша қалалық бағдарламаларды жасап, жүзеге асыруда: әумесерлік мінез-қылықты балалар мен жасөспірімдерге арналған авторлық бағдарламалар, олардың мақсаты қатысушылардың әлеуметтік маңызды мінез-қылық үлгілерін қалыптастырып және дамыту, олардың жалпы адами құндылықтарды қыбалдауы болып табылады. Жасөспірім қыздарға арналған «Бақытты болашаққа назар» бағдарламасы. Бағдарламаның мақсаты – бағдарлама қатысушыларының өздерінің болашақ отбасылық өмірге деген ұстанымдары, олармен болып жатқан жайттарға жауапкершілік деңгейінің түсінігі. «Ата-аналық махаббат сабақтары» бағдарламасы. Бағдарламаның мақсаты – отбасылық жағдай төмендігін алдын алу, қараусыз қалушылық пен балалардың интернаттар мен балалар үйіне түсуін болдырмау. Орталық мамандары «Ана немесе әке ішкен кезде» бағдарламасын жүзеге асыру арқылы балаларды қолдау тобының жұмысын ұйымдастырады. Отбасы — сыйластық , жарастық орнаған орта, кішкентай Отан.
«Отан – отбасынан басталады» дегендей отанды сүю- отбасынан басталатыны рас!

Себебі, отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.Адамның жеке басының қалыптасуы отбасынан басталады.Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді.

Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке адамның бойындағы ар-ұятын , ақыл-ойын ,адамгершілігін , мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы – алғашқы қадам.Отбасы – өте қажетті, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ.

Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті де біз отбасын Отанның кішкентай бір бөлшегі ретінде қарастырамыз.

«Асырап алушы ата-аналар мектебі», «Жас отбасы» бағдарламалары жасалған. Барлық аймақтарда дерлік «Ана Yйi» Қоғамдық Қордың филиалдары жұмыс жасайды, олардың мақсаты баланы отбасында (туған анасымен) сақтап қалу болып табылады. «Ана Yйi» өмірлік қиын жағдайларға тап болған аналарға моральдық және материалдық көмек көрсету арқылы көмектесуге бағытталған. Сынамалы жоба Қазақстанның астанасы – Астана қаласында басталды. Бірінші дағдарыстық орталық 2013 жылғы мамыр айында ашылды. Бес ай ішінде Үй толығымен адамға толы болды. Қолдау 15 әйелге көрсетілді. Осы мерзімде соншалықты бала жетім қалмады. 2013 жылы қазан айында баларымен әйелдерге арналған тағы да үш дағдарыстық орталық ашылды: Астанадағы екінші үй және Алматы мен Қостанайды бір-бір үйден. 2015 жылғы маусым айынан Қазақстанда 23 Ана Үйі жұмыс жасауда. Қазақстанның барлық облыстық орталықтарында барлығы 54 дағдарыстық орталық ашу жоспарлануда. Айсайын орташа алғанда кризистік орталыққа жаңа туған балаларымен 40-45 ана келіп түседі. Жобаның жұмыс жасауы кезінде «Ана Yйi»(Дом Мамы) паналарында 900 жуық балаларымен аналар көмек пен түсінік тапты (2015 жылғы шілде айындағы мағлұматтар)

 

R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика