Халықаралық жеке құқықтағы неке-отбасы қатынастары мәселелеріне халықаралық сипаты бар некені тоқтату, некені жарамсыз деп тану, жұбайлар арасындағы мүлікті анықтау, алименттік міндеттерді реттеу, бала асырап алу және басқа да қатынастарын жатқызамыз.
Отбасы-неке қатынастарын сипаттай отырып, мынадай жағдайды ескеру керек, әрбір мемлекет өзінің тарихи, діни, салт-дәстүр түрлерін, моральдық және тұрмыстық нормаларын құрайды. Міне, осы қатынастардың өзі отбасы құқығындағы коллизиялық және материалдық мәселелер үйлестіруіне алып келеді.
Көптеген мемлекеттердің заңнамаларында некеге тұрушы азаматтардың материалдық шартын анықтайтын ерекшеліктері бар. Мысалы, Ресейде некеге тұру шарты ерікті негізде құрылған ер мен әйелдің келісімі және міндетті жас шамасына жетуі, яғни 18 жас. Басқа мемлекеттерде неке жасы әлдеқайда төмен мөлшері белгіленуі мүмкін. Кейбір мемлекеттердің заңнамаларында мысалы мұсылман елдерінде, келесі шарттарды қарастыруға болады: күйеу бала мен қалыңдық арасындағы жас шамасы айырмашылығы, жұбайының бірі қайтыс болғаннан кейін белгілі уақыт шамасын өтуінен кейінгі жаңа некенің тіркелуі. Ресей Федерациясында жоғарыда аталған шарттардан өзге, РФ АК-де некеге кедергі болатын ерекше бап көрсетілген (14 бап). Соның ішінде егер некеге Францияда тұрғысы келген жағдайда, 21 жасқа толмаған азамат әке-шешесінің рұқсатын алу міндетті емес.
Ал кейбір ғалымдардың пікірі бойынша отбасылық құқықтар мен міндеттердің басым көпшілігіне ие болу және жүзеге асыру үшін отбасылық қатынастардың қатысушылары әрекет қабілеттілікке ие болуы қажет. Сонымен қатар әрекет қабілеттіліктің болуы барлық отбасылық құқықтық қатынастардың пайда болуының, өзгертуінің, тоқтатылуының алғышарты болып табыла бермейді.
Отбасы құқықтық қатынастарынының классификациясы мазмұны бойынша қиын болғандықтан, өзіндік күрделілік туғызады. Неке құқықтық қатынастары өз алдына жеке құқықты және ерлі-зайыптылардың міндеттерін қамтитын қатынастарды қосады, сонымен қатар олардың құқықтары мен ортақ мүлкі мен материалдық табыс міндеттерін қамтиды. Осыған орай, неке құқықтық қатынастары бір құқықтық қатынастың ба, әлде бірнеше құқықтық қатынастардың жиынтығын құрайды ма деген сұрақ туындайды?
Отбасы құқықтық қатынастарының классификациясы әр түрлі негіздерге қарай бөлінеді:
— мазмұны бойынша;
— субьектілерінің құрамы бойынша;
— субьектілердің құқықтарын қорғау сипаты бойынша.
Мазмұны бойынша отбасы құқықтық қатынас жеке мүліктік және мүліктік емес болып бөлінеді. Осындай бөліну мүліктік құқықтар мен міндеттерде белгілі экономикалық сипатының болуына байланысты негізделінген. Мұндай мазмұндағы жеке құқықтар мен міндеттер, жеке тұлғадан айырылмайтын, өзге тұлғаларға берілмейтін материалдық емес игіліктерге байланысты жоғарыда аталған бөліністерге жатқызылмайды.
R-ақпарат