• Вт. Ноя 26th, 2024
Популярные метки

ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАДА СЕМИНАР САБАҒЫН ӨТКІЗДІ

Автор:admin

Ноя 9, 2023
Spread the love

Конго Қырым қанды қызбасы ( ҚҚҚҚ) қандай ауру? Аурудың алғашқы белгілері дене қызуының 39- 49 С дейін қатты бас ауруымен, белдің ауруымен, лоқсу немесе құсу, іш ауруымен немесе өтуімен, ал ауру одан әрі дамыған жағдайда денеде бөртпенің пайда болуы, мұрыннан, қызыл иектен, жатырдан, асқазанның қан кету (гематомалар) белгісінің байқауымен сипатталады. Бұл аурудан қалай сақтануға болады? Осы сауалға жауап ретінде Денсаулық сақтау басқармасының бас штаттан тыс инфекционист және эпидемиологиялық мамандары таяуда Түлкібас аудандық орталық ауруханада » Аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық — эпидемияға қарсы, санитариялық- профилактикалық іс- шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық- эпидемиологиялық талаптар» тақырыбында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің номері 114 бұйрығына сәйкес жергілікті ақ халатты абзал жандармен семинар- сабақ өткізді. Семинар барысында Конго- Қырым қанды қызбасы жайлы, оның алдын алу жайлы көптеген мәліметтер ортаға салынып, семинар- сабағына қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар қайтарылды.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика