• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Ордабасылық полицейлер «Ерікті донор» акциясына қатысты (-1-)

Автор:admin

Май 30, 2024
Spread the love

Аудандық полиция бөлімі қызметкерлеріне ерікті түрде қан тапсырып, донор атану жылдағы дәстүрге айналған. Бүгін «Ерікті донор» акциясы аясында аудандық полиция бөлімінің жеке құрам қызметкерлері аудандық орталық ауруханасына барып, қан тапсырды.
Айта кететін, қан донорлығы (латын тілінен donare – сыйлау) – қанға мұқтаж ауру адамдарға немесе медициналық препараттар алуға өз қанын, немесе компоненттерін ерікті түрде беруі. Қан және оның компоненттері донорлығы тақырыбын әйгілі етудің өзектілігі; жеке тұлға мен қан донорлығы қауіпсіздігі мәселелерінің өзара байланысы; қан донорларының қауіпсіздігі қоршаған әлемдегі қауіптің өсуіне де негізделеді, сәйкесінше, содан зардап шеккендер саны да өседі. Қауіптер классификациясы табиғи, техногенді, әлеуметтік сипаттағы қаіуптер. Қауіпті жағдайлардың салдары, ғимараттардың материалдық бұзылуы, ауыл шаруашылығына, қоршаған ортаға, сондай ақ, адамның физикалық және психикалық денсаулығына түскен шығын болуы мүмкін. Соңғы уақытта адамдардың қауіпті жағдайлардан қанды көп жоғалту жарақаттарымен қауіпті жағдайлар жиілеп кетті. Мұндай жағдайларда әртүрлі деңгейдегі адамдарға көмек көрсету, мемлекетте артық қан донорлығының болуымен анықталады.
Тамырдан тұтас қан беру кезінде донордан «450 мл ± 10 %» тұтас қан алынады. Барлық шара 10-15 минут уақыт алады. Қазіргі уақытта тұтас қан құю орнына оның компоненттерін қолданады: плазманы, эритроциттерді, тромбоциттерді. Тромбоциттер мен плазманы тапсыру көбірек уақыт алады (бір жарым сағатқа дейін – тромбоциттер тапсыру, отыз минуттай – плазма тапсыру): шара барысында донордан тұтас қан алынады, одан қажетті компонент алынады, қалған қан қайтадан донорға қайтарылады…

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика