2021 жылдан бастап Ордабасы ауданында халыққа мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігін жақсарту және ауруларды ерте сатысында анықтау мақсатында жылжымалы медициналық кешен жұмыс атқаруда. Бір жыл ішінде медициналық кешен барлық елді мекендерді қамтып, әр аймақта бір ай көлемінде тұрғындарға қабылдау жасап, медициналық көмек көрсетеді.
Жыл басынан бері Ордабасы ауданында 7 ай көлемінде 16469 жылжымалы медициналық көмектің қызметіне жүгінген, оның ішінде 5997-сі балалар. Жоспар бойынша ауданға қарасты 11 аймақтың 7 аймағына барып, тексеру жүргізді. Жыл соңына дейін барлық аймақты қамту жоспарлануда.
Кешен барлық қажетті диагностикалық аппараттармен жабдықталған: рентген, ультрадыбыстық зерртеу, стоматологиялық және электрокардиографиялық, көз қысымын өлшегіш және басқа зертханалық жабдықтар.Мамандардан терапевт, гинеколог, хирург, стоматолог, ультрадыбыстық дәрігер, окулист, оторолоринголог сияқты білікті мамандар тобы шалғайдағы елді мекендердің тұрғындарына сапалы медициналық көмек пен кеңес береді.
Жылжымалы медициналық кешен ауыл тұрғындарының басым бөлігін қамтуға және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Ауруларды ерте анықтауға, оларды кең көлемде емдеуге және жалпы халықтың денсаулығын жақсартуға көмектеседі. Шалғайдағы елді мекендердің тұрғындарына ультрадыбыстық, флюорография, ЭКГ сияқты зерттеулерді аудан орталығына бармай-ақ жүргізуге болады.
Жалпы практика дәрігерінің кабинетінде пациент тексеріледі, қан айналымы, тыныс алу, эндокриндік, ас қорыту жүйесі ауруларына ем тағайындалады, салауатты өмір салтын насихаттау және қалыптастыру бойынша профилактикалық іс-шаралар жүргізіледі. Ал созылмалы инфекциялық емес аурулары бар динамикалық бақылаудағы адамдарға медициналық кешеннің зертханалық диагностикалық ресурстарын пайдалана отырып білікті медициналық көмек көрсетіледі.
• Функционалдық диагностика іш қуысының ультрадыбыстық зерттеуі, жүректі электрокардиографиялық зерттеу жүргізіледі.
• Акушер-гинекологтың кабинетінде әйелдердің нысаналы тобын бастапқы тексеру, ісік патологиясын анықтау үшін тексеру жүргізіледі.
• Зертханалық диагностика кабинетінде қандағы глюкоза, холестерин деңгейін анықтау, қан триглицеридтері бойынша зерттеулер жүргізеді, биохимиялық зерттеулер: жалпы, тікелей билирубин, аланинаминотрансфераза, аспартатаминотрансфераза, креатинин, мочевина, жалпы ақуыз, калий, натрий, зәрдің жалпы клиникалық талдауы жасалады.
• Рентгенограмма кабинетінде туберкулезді, өкпе ісіктерін және басқа да созылмалы ауруларды диагностикалау мақсатында тексеру жүргізу үшін цифрлық флюорограф пайдаланылады.
Естеріңізге сала кетейік, жылжымалы медициналық кешенде тексеруден өту үшін дәрігердің жолдамасы қажет емес. Бұл кешенде медициналық көмек тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және сақтандырылған азаматтарға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде тегін көрсетіледі.
Сақтандыру мәртебесі мен медициналық қызметтердің сапасына қатысты сұрақтар туындаған жағдайда емхананың пациенттерді қолдау қызметіне, сондай-ақ әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына ресми сайт fms.kz, байланыс орталығы 1414, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы және Telegram-дағы SaqtandyryBot байланыс арнасы арқылы жүгінуге болады.