Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, Тәуелсіз Қазақстан армиясының тұңғыш қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетовтің туғанына 100 жыл толуына орай “С.Нұрмағамбетов” атындағы ЖОМ салтанатты шара өтті.
Оған аудан әкімі Азат Оралбаев, аудандық мәслихаттың төрағасы Бақдәулет Жұмабеков, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бостандық Жәкей, қорғныс істері жөніндегі бөлімнің қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері, жастар қатысты.
Шараға қатысушылар алдымен мектеп ауласындағы Сағадат Нұрмағамбетовтің құрметіне қойылған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, арнайы жасалған көрмені тамашалады.
Өз кезегінде зиялы қауым өкілдері Кеңес Одағының Батыры туралы естеліктер айтып, жасаған ерліктеріне ерекше тоқталса, жастар әскери-патриоттық тақырыпта өнерлерін паш етті.
Айта кететін, Сағадат Қожахметұлы Нұрмағанбетов 1924 жылы, 25 мамырда Ақмола облысы, Ақкөл ауданында дүниеге келген. Әкесі – Қожахмет, анасы – Айса. Анасы Сағадатты босанарға бір ай қалғанда, жары Қожахмет қайтыс болады.
Сағадат Нұрмағанбетов ІІ-Дүниежүзілік соғысқа 1942 жылдың шілдесінде аттанады. Сол жылы алдымен Түркіменстандағы пулеметшілер училещесінде оқиды. Одан соң взвод командирі ретінде қан майданға араласады.
Армия генралы 1946 – 1949 жылдары Мәскеудегi Фрунзе атындағы Әскери академияда оқиды. Одан соң түрлі жоғары қызметтер атқарады.
1992 жылы 7 мамырда Сағадат Нұрмағанбетов тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Қорғаныс министрі болады.
«Халық қаһарманы» Сағадат Нұрмағанбетов Қазақстанның қорғаныс саласын нығайтуға бар күш-жігерін жұмсайды.
Сағадат Нұрмағамбетов 2013 жылдың 24 қыркүйегінде 90 жасқа қараған шағында өмірден озды.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі