• Вт. Ноя 26th, 2024
Популярные метки

Ордабасы ауданында пробациялық есептегі азаматтарды бақылау жұмыстары күшейтілуде

Автор:admin

Авг 13, 2023
Spread the love

Аудан көлемінде ішкі істер органдарының есебінде тұратын, оның ішінде өтелмеген және алынбаған соттылығы бар тұлғалардың қайта қылмыс жасауының алдын алу мақсатында Ордабасы аудандық полиция бөлімі мен пробация қызметі бірлесіп «Есептегі элемент» жедел профилактикалық іс-шарасын жүзеге асыруда, деп хабарлайды R-factor.kz ақпарат агенттігі.
Алдын алу шарасының басты мақсаты есептегі азаматтарды қайта қылмысқа бармауына ықпал етіп, қоғамға бейімдеу мақсатында сұхбаттар жүргізу болып табылады.
Ордабасы аудандық полиция бөлімінің бірінші орынбасары Б.Маханбетовтің жетекшілігімен мобилді топ қайта қылмысқа бейім 21 азаматтың мекен-жайларына тексеру жүргізіп, заң талаптарын бұзуға әрекет жасаған бірнеше азаматқа ескерту берілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты — Ішкі істер органдарының есептерінде тұратын адамдарды, яғни бұрын сотталғандар, маскүнемдер, нашақорлар, психикалық науқастарды, әкімшілік қадағалау белгіленген, «педофил» және «психикалық мекемелерде есепте тұратындарды өз мекен жайлары бойынша тексерумен қамту.
Есірткі құралдарын, атыс қаруын, жарылғыш заттарды заңсыз сақтау немесе тасымалдайтын адамдарды анықтау бойынша жұмыс жүргізу, қоғамда құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қабылдау, жол жүрісіне, әсіресе қала сыртындағы автомобильдік жолдарға бақылау жүргізу, саяжай алқаптарын, демалыс аймақтарын, құрылыс объектілерін, базарларды, техникалық қызмет көрсету станцияларын, шаруа және фермер қожалықтарын, шалғайдағы учаскелерді, қыстауларды және басқа да шалғай жерлерді, оның ішінде азаматтарды еңбекке пайдалану, қару-жарақ заттарын заңсыз сақтау фактілерін анықтау тұрғысынан тексеру жүзеге асыру болып келеді. Сонымен қатар автокөлік жүргізушілеріне жол ережесін сақтап, жолда абай болуларын ескертеміз.
Атқарылған бұл жұмыстар сотты болған азаматтардың құқық бұзушылық әрекеттер жасамауға, қылмыстық жазаны өтеп жатқандығын сезіндіріп, заңға бағынушылық мінез құлыұты қалыптастыруға тәрбиелейді.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика