Бүгін «Балаларды қорғау күні» мерекесі қарсаңында, әлеуметтік жағдайы төмен, толық емес отбасыдан шыққан бүлдіршіндерге арналған ойын-сауық шарасы өтті. “AMANAT” партиясының қалалық мәслихаттағы депутаты Байкен Әшірбаев озат оқыған бүлдіршіндерді қолдап, мотивация беріп, балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлау мақсатында мұндай шараны ай сайын өткізбек ниетті.
Алғашқы халықаралық балаларды қорғау күні 1950 жылы өткізілді БҰҰ аталған бастаманы дер кезінде қолдап, балалардың өмірін, құқығын, денсаулығын қорғауды өз қызметінің басты бағыттарының біріне айналдырды.
Балаларды қорғау күні олардың өмірін соғыстан қорғау, денсаулығын сақтау, болашақ ұрпаққа демократиялық негізде білім мен тәрбие беру жөніндегі барша әлемдегі озық пікірлердің тоғысқан арнасы десек, артық айтқандық емес.
Дәл осы күні болашақта адамгершілікке, әділдікке, баянды өмірге толы қоғам құру үшін оның негізі — балаларға барлық жағдай жасау керектігі тағы да паш етіледі.
Биыл 17 300 орынға арналған 12 мектептің құрылысы басталады.
Алдағы жылы 20 400 орынға арналған 13 мектеп салынып, 2025 жылы пайдалануға тапсыру көзделуде.
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының 7000-нан астам педагогы біліктілігін арттыру курстарынан, 1500-ден аса маман қайта даярлаудан өтеді. Соңғы үш жылда қала аумағында 81 мектептің ашылуы үш ауысымды және орын тығыздығы бар мектептер санын азайтты. Жол картасы аясында тағы да 80 мектепті пайдалануға беру жоспарланып отыр. 38 мыңға жуық оқушыны қамтитын 25 мектеп «Жайлы мектеп» бағдарламасы шеңберінде салынады. Сонымен қатар 30 орта білім беру мекемесіне кешенді жаңарту жүргізіледі.
Халық қалаулысының бұл ойын Еңбекші ауданының әкімі Досбол Күздікбайұлы мен “Firkan Retail Group” ЖШС директоры Ильяс Гарипович қолдады.
“Ендеше бүлдіршіндеріміздің озық білім алып, елдің жарқын болашағы болуына бірге қолдау білдіруге шақырамын. Барлық бала бақытты болуға лайықты. Еліміздің болашағы, тірегі жас ұрпақтарымыз өсіп, өркендесін. Көк туымызды әйгілі ететін, чемпиондар мен ғалымдар, ғұламалар мен батырлар көбейе берсін! Бала елдің болашағы демекші болашағымыз жарқын болсын!”, -деді Байкен Әшірбаев.
«Жайлы мектеп Ұлттық жобасы» аясында 10 мектеп салу жоспарлануда. 2023-2024 жылдары 6 мектеп салу жоспарда.
Атап айтқанда.
1.Нұршуақ (Достық жағы) ш.а 2000 орындық мектеп.
2. Нұршуақ (Ынтымақ жағы) ш.а 2000 орындық мектеп.
3. Жаңатұрлан ш.а 1200 орындық мектеп.
4. Қатынкөпір шағын ауданында 1200 орындық мектеп.
5. Бозарық шағын ауданында 2000 орындық мектеп.
6. Достық ш.а 2000 орындық мектеп салу.
2024-2025 жылдары 4 мектеп:
7. Ақниет шағын ауданында 1200 орындық мектеп.
8. Асар-2 шағын ауданында 1500 орындық мектеп салу.
9. Шымкент Сити ш.а 2000 орындық мектеп.
10. Қайнарбұлақ ш/а Сырым батыр көшесі бойынан 2000 орындық мектеп.