• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ОБЛЫСТЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ ТӨЛЕБИ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Автор:admin

Ноя 6, 2023
Spread the love
Түркістан облысының денсаулық сақтау басқарма басшысы Асхан Мархабайұлы Төлеби аудандық орталық ауруханасының биылғы жылы атқарылған жұмыстарымен танысты. Басқарма басшысы аудандық аурухананың қабылдау бөлімін, аурухананың клиникалық бөлімшелерін, қосалқы бөлімшелерін және емхананы қарап шықты. Одан бөлек, ситуациялық орталық жұмысымен танысты.
Аурухана басшысы Қарлығаш Умарова аудандық ауруханада атқарылып жатқан оталар, заманауи, жаңа алынған медициналық құрал-жабдықтармен таныстырды.
Мекеменің медицина қызметкерлерінің қатысуымен медицина саласының маңызды мәселелері талқыланып, мәжіліс өткізілді.
Басқарма басшысы аудандық аурухана қызметкерлерінің атқарылып жатқан жұмыстарына жоғары бағасын беріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
Сонымен бірге, денсаулық сақтау басқарма басшысы Асхан Байдуәлиев Ленгір қалалық ауруханасының 2023 жылы атқарылған жұмыстарымен танысты. Басқарма басшысы қалалық аурухананың қабылдау бөлімінен бастап, жансақтау, перзентхана, ота бөлімдерін аралап, атқарылып жатқан жұмыстар барысымен танысты. Сондай-ақ ауруханада жатқан науқастармен кездесіп, жағдайын сұрады.
Аурухана басшысы Елдос Сұлтанов ауруханада атқарылып жатқан жұмыстар, оталар, заманауи ота жасау блогы мен медициналық құрал-жабдықтармен таныстырды. Облыстан жоғарғы санатты, эндовидеолапароскопиялық оталарды меңгерген мамандардың келуіне және ауруханада оталар санының артуына байланысты лапароскопиялық құрылғының қажеттілігі айтылды.
Басқарма тарапынан жақын арада лапароскопиялық құрылғымен аурухананы қамтамасыз етуге көмек берілетіндігі айтылды.
Аурухананың мәжіліс залында медицина қызметкерлерінің қатысуымен медицина саласының маңызды мәселелері талқыланды. Басқарма басшысы Асхан Мархабайұлы қалалық аурухана қызметкерлерінің атқарылып жатқан жұмыстарына оң бағасын беріп, алдағы уақытта жас мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру үшін үлкен мүмкіндіктері бар екендігін атап өтті.
Сонымен қатар, Асхан Байдуәлиев Леңгір қалалық емхасының биылғы атқарылған жұмысымен және алдағы жоспарымен танысты. Басқарма басшысы емхананың тіркеу орнынан басталған науқастың маршрутымен танысты. Флюорография, маммография және рентген кабинеттерімен танысты. Травматолог, хирург, офтольмолог кабинеттерін көрді. Леңгір қалалық емханаға тиесілі 30 орынды күндізгі ем қабылдау стационарының жұмысын көрді. Аурухана мәжіліс залында медицина қызметкерлерімен алдағы уақытта халыққа оданда биік және сапалы қызмет көрсету жоспарымен бөлісті.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика